Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасының 5 жылдығын мерекелеу

 

Академиялық адалдық лигасының ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

2023 жылдың 28 тамызы күні Лиганың құрылғанына 5 жылға толды.

Біз осы бес жыл төңірегінде өз жұмысымызды Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі академиялық адалдық құндылықтарын қолдауға және ілгерілетуге арнадық. Лиганың қызметі туралы толық ақпарат фейсбуктегі ресми парақшамызда ұсынылған (https://www.facebook.com/watch/ProjectOfficeAdaldyq/). Сондай-ақ, сіздер Events + Conferences қосымша парағында соңғы бес жыл ішінде академиялық адалдықты ілгерілету тақырыптарына арналып өткізілген ірі форумдар туралы ақпараттарды көре аласыздар.

Қоғамдастығымыз біздің құндылықтарымызбен бөлісетін және оқу процестерінде академиялық адалдықты сақтауға талпынатын көптеген оқу орындары мен студенттерді тарта отырып, қарқынды даму үстінде.

Біздің қызметіміздің бір бағыты ретінде әрбір студент пен профессорлық-оқытушылық құрамның мүшесі өзінің адалдығы, әдептілік және зияткерлік адалдығы үшін бағаланатын академиялық адалдықтың интегралды және берік мәдениетін құруға ұмтыламыз. Біз этиканың, адалдық пен әділеттіліктің жоғары нормаларын сақтау арқылы ғана білім мен шығармашылықтың дамуына ықпал ететін әділ және сапалы білім беру ортасын қамтамасыз ете аламыз деген сенімдеміз.

Бес жыл кезең ішінде Академиялық адалдық лигасы өз жұмысында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді және бүгінгі таңда 17 университет мүшесі болып табылатын ынтымақты командаға айналды. Біз Қазақстанның басқа да жоғары оқу орындарын құндылықтарымызды бөлісуге және ҚР жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдық қағидаттарын бірге құруға шақырамыз.

Біз Академиялық адалдық лигасының бес жылдығы қарсаңында 2023 жылдың Науырыз айында Форум ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз және ол біздің Лига мүшелерінің білім алмасуы, тәжірибелерімен бөлісуі және өзара әрекеттесуіне арналады.  Іс-шара барысында сарапшылардың сөз сөйлеулері, пікірталас панельдері, байқаулар және т.б. өткізу көзделген. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, жетістіктерімізді атап өтуге, сондай-ақ Академиялық адалдық лигасының болашақ дамуы мен өсуіне арналған жоспарларды айқындауға ниеттіміз.

 

Біз өз құндылықтарымызбен бөлісетін және академиялық адалдықты бағалайтын қауымды осы маңызды іс-шараға қосылуға шақырамыз. Біз бірлескенде ғана интегралды және этикалық білім беру ортасын құрудағы миссиямызды жалғастыра аламыз.

Алдағы іс-шаралар, оларға тіркелу және қатысу туралы біліп, ақпарат алу үшін біздің сайтымызды қадағалап отырыңыздар.

 

Құрметпен, Академиялық адалдық лигасының командасы

Байланыстар

Заңды мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 609/1 кеңсе

phone_in_talk +7 7172 702851

© 2019 All Rights Reserved

Әзірленген
mode_editБұзушылық туралы хабарлау