Академиялық адалдық лигасы
Академиялық адалдық жағдайына тап болған лига мүше жоғары оқу орындарының білім алушылары, ғылыми қызметкерлері мен оқытушылары бұл туралы сайтта хабарлай алады.
Төменгі оң жақ бұрышта «Бұзушылық туралы хабарлау» деп аталатын батырма бар. Оны басқан кезде толтыру үшін өрістері бар терезе ашылады. Дұрыс толтыру үшін осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
1. Т.А.Ә.
Деректеріңізді енгізіңіз. Егер анонимді болуды қаласаңыз, деректеріңізді көрсетпеуіңізге болады.
2. Байланыс деректері
Телефон нөмірін және / немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.
3. Мекеме
Бұл өрісті басқан кезде Лигаға мүше жоғары оқу орындарының тізімі ашылады. Өзіңіз білім алушысы, ғылыми қызметкері немесе оқытушысы болып табылатын Университетіңізді таңдаңыз. Өкінішке орай, Егер сіз Академиялық адалдық Лигасына кірмейтін университеттің өкілі болсаңыз, онда Сіздің өтінішіңізді өңделмейді.
4. Лауазымы
Өз лауазымыңызды таңдаңыз.
5. Өтініш
Бұл өрісте сіз өзіңіздің өтінішіңізді тікелей қалдыра аласыз. Қаласаңыз, сіз жеке файлдағы өз өтінішіңізді жүктей аласыз. Файл DOC форматында болуы керек.
Барлық өрістерді толтырғаннан кейін «Жіберу» батырмасын басыңыз. Егер сіз электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болсаңыз, жақын арада сіздің өтінішіңізді Лига Хатшылығы тіркегені туралы хабарлама аласыз.
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе