Академиялық адалдық лигасы

Меморандум
Негізгі баяндамалар
Меморандум

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Maqsut Narikbayev University-де Akademiialyq Adaldyq Ligasy ның «Адал білім - адал ұрпақ» атты республикалық форумы өтті.

Форум Қазақстанё Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев белгілеген «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» идеялары аясында өтті.

Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесе ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам қатысушыны біріктірді. 

Форумға Агенттік төрағасы Darkhan Zhazykbayev , Ғылым және жоғары білім министрі Sayasat Nurbek, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары, білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.

Біз ең бастысы - білім берудегі адалдық пен елдің болашағы үшін жауапкершілік туралы айттық. Өйткені университеттер мен мектептерде жастардың басқаруда, бизнесте және қоғамдық өмірдегі құндылықтары қалыптасады.

Форум қорытындысы бойынша Агенттік және министрліктермен бірлескен жұмыс туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ адалдық мәдениетін, этика және білім берудегі әділ қағидаларды дамыту бойынша нақты қадамдар белгіленген 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасы бекітілді.

Академиялық адалдық лигасы 2018 жылдан бері қызмет етіп келеді және бүгінде оның құрамында 22 университет бар. Бұл жоба білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер үшін маңызды платформаға айналды.

 

Сәлемдесу сөзі
Қазақстандағы академиялық адалдықтың болашағы
Білім берудегі әдеп пен ашықтық
Гендерлік аспектілер және сыбайлас жемқорлық

© 2019 All Rights Reserved

mode_editБұзушылық туралы хабарлау