Академиялық адалдық лигасы

«Quality Assurance Guidelines for Universities» Жобасы

«Университеттерге арналған сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық» жобасы

Университеттерге арналған сапаны қамтамасыз ету жөніндегі осы Нұсқаулықты (басшылықты) Академиялық адалдық лигасының жұмыс тобы білім беру процесінің сапасын бақылау және ішкі академиялық менеджмент жүйесін құру кезіндегі негізгі параметрлер мен бағдарларды айқындайтын құжат ретінде әзірледі. Басшылық ESG-ді енгізуге негізделген Лигаға мүше жоғары оқу орындарының тәжірибесін, сондай-ақ жоғары білім берудегі академиялық менеджмент саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді біріктіреді. Академиялық сапа менеджменті жүйесін трансформациялау немесе құру процесіндегі ЖОО-ларға пайдалануға ұсынылады.

 

Жоба мақсаты:

Біздің мақсатымыз – университеттерге ЖОО ішінде академиялық сапа менеджменті жүйесін құруға көмектесетін, болашақта жоғары білім сапасын жақсартуға көмектесетін жан-жақты қамтылған нұсқаулықты әзірлеу. Біз білім беру мекемелері осы нұсқаулықтың көптеген қадамдарын жүзеге асыру арқылы студенттерге ең жоғары стандарттарға сәйкес келетін білім берудің ең жоғары деңгейін ұсына алатындай етіп жасауға тырысамыз.

 

Біздің жоспарымыз қандай?:

-      Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бойынша толыққанды ұсынымдар әзірлеу;

-      Білім беру процестерінің сапасын бағалау және қамтамасыз ету әдістерін құру;

-      Университеттерге өз қызметін оңтайландыруға көмектесетін пайдалы ресурстар мен құралдарды ұсыну;

-      Академиялық адалдыққа қол жеткізуге және оқу тиімділігін арттыруға қолдау көрсету.

 

Біз білімді – қоғамның негізгі элементі деп есептейміз. Осы жоба арқылы біз білім беруді жақсартуға және оны баршаға қолжетімді және сапалы етуге атсалысамыз.

 

Сайттағы жаңартуларымызды қадағалаңыздар және жақында осы маңызды жұмысымыздың нәтижелерімен бөлісетін боламыз!

 

Жұмыс тобы:

ЖОО атауы

Нұсқаулық бөлімінің нөмірі мен атауы

Жауапты тұлғалар

1

Maqsut Narikbayev University

№2- бөлім «Сапаны қамтамасыз ету аясы және контексі»

№ 3-бөлім «Саясатты әзірлеу процесі»

№ 4-бөлім «Қажетті саясаттың түрлері»

№ 5-бөлім «Нақты рөлдер мен позицияларды құру»

№ 6-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету комитеті»

№ 11-бөлім «Стейкхолдердің міндеттері мен жауапкершілігі»

№ 13-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету нұсқаулығына өзгертулерді енгізу тәртібі»

Пен Сергей Геннадьевич, Provost

Маханбаева Нургуль Нурлановна, AIL Project Office Head

 

2

Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

№10-бөлім «Сапаны қамтамасыз етуде цифрландыруды пайдалану»

Кабдесов Кенжехан Талгатулы, Сапаны қамтамасыз ету орталығының жетекшісі

3

Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗИ

№ 7-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету индикаторлары»

Санкабаева Асел Нурсалимовна, Тіркеуші кеңсесінің білім алушыларды тіркеу бөлімінің басшысы

4

 С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

№ 6-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету комитеттері»

Абылгазина Айгуль Есимжановна, Академиялық сапа бөлімінің жетекшісі

5

Қарағанды медициналық университеті

№ 8-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету мониторингінің деңгейі»

№ 9-бөлім «Ішкі және сыртқы бағалау»

№ 10-бөлім «Сапаны қамтамасыз етуде цифрландыруды пайдалану»

Риклефс Виктор Петрович, Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

6

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

№ 10-бөлім «Сапаны қамтамасыз етуде цифрландыруды пайдалану»

Махметова Жадыра Нұрлыбекқызы, Head of Quality Assurance Team

7

М. Қозыбаев атындағы СҚУ

7-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету индикаторы»

№ 12-бөлім «Сапаны арттыру жөніндегі бастамалар»

Погребицкая Марина Владимировна, Стратегия және даму департаментінің директоры

8

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы

№ 6-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитет»

№ 7-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету индикаторлары»

Ибрагимова Айгерим Акылбековна, Білім беру саясаты орталығының бас сарапшысы

 

Байланыстар

Заңды мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

phone_in_talk +7 7172 702851

© 2019 All Rights Reserved

mode_editБұзушылық туралы хабарлау