Академиялық адалдық лигасы

Лига жайлы

Академиялық адалдық лигасы - бұл Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі. Лиганың миссиясы - академиялық адалдықтың он негізгі қағидасын алға жылжыту және жүзеге асыру арқылы елдегі білім беру сапасын ілгеріту және дамыту:

1) Академиялық адалдық Лиганың әрбір мүшесінің, оның білім беру процесінің және зерттеулерінің ең басты құндылығы болып табылады.

2) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықтың айқын, әділ және дәйекті стандарттарының, дәйексөз келтіру ережелерінің және мінез-құлық ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.  

3) Лиганың әрбір мүшесі академиялық және/немесе зерттеу мақсаттарына ұсынылған, олардың сипатына, мазмұны мен көлеміне қарамастан, барлық жазбаша жұмыстарын плагиатқа міндетті тексеруді қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. 

4) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын бұзғаны үшін  білім алушылардың жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

5) Лиганың әрбір мүшесі оқу нәтижелерін әділ әрі дұрыс бағалаудың өз жүйесі аясында білім алушыларға қатысты жоғары талаптарды белгілейді. 

6) Лиганың әрбір мүшесі тек үздіктерге ғана өз оқуын бітіруге мүмкіндік береді.  

7) Лиганың әрбір мүшесі кадрларды даярлау сапасы үшін жауаптылықта болады, ол дипломмен расталған. 

8) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, өзара сыйластық пен әділдікті дарытатын ұстаз ретінде оқытушының биік жауаптылығын қамтамасыз етеді. 

9) Лиганың әрбір мүшесі академиялық адалдықты ілгерілету және қорғау білім беру ұйымындағы барлық білім алушылар мен қызметкерлердің ортақ күштерінің нәтижесі болып табылатындығын мойындайды.

10) Лиганың әрбір мүшесі өзіне жүктелген, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін адал орындауға міндеттенеді. Ол Жарғы не Лига актілеріне сәйкес міндеттемелерді орындамағаны, сондай-ақ академиялық адалдық принциптері мен стандарттарын, оның ішінде Лига қызметінің негізгі принциптерін бұзғаны үшін ұйымнан шығарылуы мүмкін екенін түсінеді.

Байланыстар

Заңды мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 609/1 кеңсе

phone_in_talk +7 7172 702851

© 2019 All Rights Reserved

Әзірленген
mode_editБұзушылық туралы хабарлау