Академиялық адалдық лигасы
«Академиялық адалдық лигасының Стандарты бойынша университеттердің мониторингі және Академиялық адалдық лигасының рейтингі
Кіріспе:
Біз сіздерге университеттерде академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын ұстану аясындағы бірлескен қадамымыздың жаңа және маңызды кезеңін ұсынамыз. Бұл кезең Академиялық адалдық лигасы стандартының 105 өлшемшартына негізделе отырып, жыл бойына Лигаға мүше барлық жоғары оқу орындарына мониторинг жүргізуге бағытталған. Аталған қызметті Академиялық адалдық лигасының Жобалық Кеңсесі ұйымдастырады. ЖОО-ларға мониторинг жүргізу үшін ай сайын комиссия құрылады, оған Лигаға мүше жоғары оқу орындарының өкілдері ғана қатысады.
Лигаға мүше жоғары оқу орындарына жүргізілген мониторинг нәтижелері осы сілтеме арқылы қолжетімді (free for members).
Мақсаты:
Негізгі мақсат – академиялық адалдықты қолдау және деңгейін көтеру үшін 105 өлшемшартты қолдана отырып, университеттерге жүйелі мониторинг жүргізу. Сонымен бірге ең үздік тәжірибелерді көрсету және сапалы өзгерістерге ынталандыру үшін Академиялық адалдық лигасының рейтингін құруға тырысамыз.
Біз не ұсынамыз:
1. 105 шарт бойынша мониторинг:
- Әрбір өлшемшартты тыңғылықты талдау: біздің сарапшылар жыл бойына университеттердің 105 өлшемшарттының әрқайсысына сәйкестігін бағалай отырып, түбегейлі мониторинг жүргізеді.
- Тұрақты есептер мен ұсыныстар: жобаға қатысу университетіңіздің дамуы үшін пайдалануға болатын әрбір өлшемшарт бойынша егжей-тегжейлі талдаулары мен ұсыныстары бар жүйелі есептерді алуға мүмкіндік береді.
2. Ашықтықты арттыру:
- Лигаға мүше жоғары оқу орындарының студенттері мен қызметкерлеріне арналған ашық есептер:
Мониторингтің барлық нәтижелері ашықтық пен сенімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне қолжетімді болады. Студенттер өз университетінің Академиялық Лига стандарттарын қадағалаудағы талпыныстарын қадағалай алады.
3. Тәжірибе алмасу:
- Үздік тәжірибелермен алмасуға арналған форум. Құрамында Лигаға мүше жоғары оқу орындары өкілдері бар комиссия жүргізетін мониторинг процестерін, сондай-ақ фото және бейнежазбаларға түсірілген есептерді Лиганың әлеуметтік желісі арқылы ұсына отырып біз виртуалды форумды құрамыз, онда университеттердің өкілдері тәжірибелерімен, үздік идеяларымен, өздерінің жоғары оқу орындарында Лига стандарттарының белгілі бір процестерін жүзеге асыру тәжірибелері және қиындықтарымен, сонымен қатар академиялық адалдықты қамтамасыз етудегі аталған қиындықтарды жою бойынша шараларымен бөлісе алады.
- Вебинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру. Мониторингтің арқасында тәжірибемен алмасу және академиялық адалдық жүйесін арттыру әдістемелерін оқытуға арналған оффлайн, (жоғары оқу орнының белгілі бір процесін дамыту бойынша оқытуды талап етілетін ЖОО өкілдерін басқа ЖОО-ға шақырумен) сондай-ақ вебинарлар мен онлайн шеберлік сабақтары арқылы онлайн режимде өткізілетін жүйелі кездесулерді ұйымдастырамыз.
Бұл қызмет білім беру сапасын жақсартудағы, оқу ордаңыздағы адалдық стандарттарын қолдаудағы, өзара тәжірибе алмасудағы және стандарттың барлық 105 өлшемшарты бойынша даму қағидатын қолдауда бір-біріне өзара көмек көрсетудегі негізгі қадам болатынына сенімдіміз. Бірлесе жүргізіп жатқан маңызды жұмысымыз туралы көбірек білу үшін жаңартуларымызды қадағалаңыздар!
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе