Академиялық адалдық лигасы
Бұл жоба академиялық адалдықтың маңыздылығы туралы Лигаға мүше жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім беру мекемелері арасында білім тарату және хабардарлықты арттыру сияқты маңызды міндет қояды. Академиялық адалдықтың нормалары мен принциптері және оларды бұзудың салдарымен таныстыру.
Не істелінді?
- 5 негізгі тақырып бойынша бейне-дәрістер түсірген (төмендегі кестеде келтірілген);
- Академиялық адалдық туралы білім беру іс-шараларын, семинарлар мен вебинарларын өткізеледі;
- Оқытушыларға арналған ақпараттық материалдар мен ресурстарды әзірледі және таратты;
- Академиялық адалдыққа ықпал ететін саясаттар мен тәжірибелерді құруда және қолдауда білім беру мекемелеріне қолдау көрсетіп жатыр;
- Лигаға мүше білім беру мекемелерінде Академиялық адалдық мәдениетін дамытуға ықпал етті.
Біз Академиялық адалдық – сапалы білім мен ғылыми зерттеулердің негізі екеніне сенімдіміз. Біздің жобаға қосылыңыздар және бізге адал және әділ білім беру қауымдастығын құруға атсалыңыздар!
Жобаның міндеттері:
- Академиялық адалдық нормаларының типтік бұзылуын және олардың алдын алу жолдарын қарастыру;
- Академиялық тапсырмаларды адал орындауға ықпал ететін практикалық бағалау өлшемшарттарын ұсыну;
- Ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде этикалық стандарттарды ұсыну және жарияланымдарда адалдықты қолдау;
- Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін LMS жүйесін тиімді пайдалану бойынша басшылықты (нұсқаулықты) ұсыну.
Күтілетін нәтижелер:
- Профессорлық-оқытушылар құрамының тәжірибеге бағдарланған академиялық адалдықтың маңыздылығын түсінуін арттыру;
- Академиялық тапсырмаларда адалдықты қолдайтын тиімді бағалау өлшемшарттарын құру;
- Ғылыми зерттеулердің этикалық аспектілерін және этикалық жариялау принциптерін түсінуді жақсарту;
- Оқу процесінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін LMS жүйесін қолдану дағдыларын арттыру.
Төменде Академиялық адалдық лигасына қатысушы университеттердің тәжірибесіне негізделген курстың негізгі тақырыптары және әрқайсысына арналған 4 тақырыпша берілген:
№ |
ЖОО атауы |
Курстың негізгі тақырыптарының және тақырыпшаларының атаулары |
Жауапты адамдар |
1. |
М. Қозыбаев атындағы СҚУ |
1.Академиялық адалдық:
|
1. Есекенова Қарлығаш Бахтиярқызы, «Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесінің Комплаенс академ. офицері (қазқша) 2. Джемалиденова Инна Михайловна, Бас комплаенс офицер (орысша) |
2. |
Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті |
2. Академиялық адалдық нормалары. Нормалар мен қағидаттарды бұзу:
|
Кабдесов Кенжехан Талгатулы, Сапаны қамтамасыз ету орталығының басшысы (қазақша/орысша) |
3. |
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті |
3. Бағалау өлшемшарттары:
|
1. Тогайбаева Айгулден Кадировна, Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты (қазақша) 2. Имжарова Зауреш Убайдулловна, Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты (орысша) |
4. |
Maqsut Narikbayev University |
4. Ғылыми зерттеулер этикасы
5. LMS жүйесінде жұмыс істеу қағидаттары
|
1. Абылайұлы Абай, Adjunct Assistant Professor, Жоғары құқық мектебінің «Халықаралық құқық» бағдарламасының директоры (қазақша) 2. Бабаджанян Эстер, Professor, Жоғары құқық мектебінің Құқықтану бағдарламасының жетекшісі (орысша)
1. Маханбаева Нұргүл Нұрланқызы – Академиялық адалдық лигасының жетекшісі (қазақша) 2. Утегенов Ансар, Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі кеңсенің жетекшісі. Воронков Яков, Академиялық адалдық лигасы хатшылығының жетекшісі (орысша) |
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе