Академиялық адалдық лигасы

Лиганың қауымдастырылған мүшелері
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволары:

 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;

 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті;

 3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті;

 4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитеті;

 5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті. 

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдармен бизнестің келіссөздік күшін күшейту үшін құрылған.

Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіреді. «Атамекеннің» басты міндеті – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамту мен тартуды қамтамасыз ету.

Байланыстар

Заңды мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 609/1 кеңсе

phone_in_talk +7 7172 702851

© 2019 All Rights Reserved

Әзірленген
mode_editБұзушылық туралы хабарлау