Академиялық адалдық лигасы

Satbayev University
Satbayev University

Қазақстандағы ең көне және алдыңғы қатарлы техникалық университет, ол тау-кен және мұнай өндіру саласында көптеген зерттеулерімен танымал. Сексен жылдан астам тарихы бар әйгілі жоғары оқу орны Қазақстандағы техникалық білім беру ісінің көшбасшысы болып табылады. Ал техникалық мамандықтар – университеттің бетке ұстар айнасы болып саналады. Университет көпсалалы болғандықтан, мұнда сәулет және менеджмент мамандықтарын да оқуға болады.

Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін өзгерту аясында 2014 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы университетке «Ұлттық ғылыми-зерттеу университеті» мәртебесі беріліп, бұл өз кезегінде әлемдегі ең таңдаулы университеттермен бірлесіп жұмыс істеуге жол ашты. Қазір университет дүние жүзі бойынша 25 елдің жетекші 174 жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды (олардың ішінде АҚШ, Англия, Германия, Италия, Франция, Қытай, Корея, Польша бар). Университеттің құрамына «Парасат» ұлттық технологиялық орталығы мен 8 ғылыми-зерттеу институттары кірді.

 

Бүгінгі таңда Сәтбаев университеті тау-кен металлургия және мұнай-газ саласы бойынша ірі-ірі өнеркәсіп орындарымен бірлесе отырып, ғылыми-зерттеу жобаларын және жоғары білікті мамандар даярлау ісін жүзеге асырып келеді. Сондай ғылыми бағыттардың бірі – «жасыл технология» және балама шикізат көздерінен көмірсутекті шикізат өндіру саласындағы жобаларды дамыту болып табылады.

Университет құрамында сонымен қатар халықаралық білім беру және өндірістік орталықтар, қазақстандық және шетелдік өндіріс орындарымен бірлесе ашылған еншілес кәсіпорындар бар.

«Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ» КеАҚ-ның ғылыми және инновациялық қызметі республиканың басымды 5 ғылыми бағыты бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын ғылыми-технологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді көздей отырып және жеке инвесторларды баулу мен мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік құралдарын қолдана отырып техникалық инновациялар құруға бағытталған.

Сәтбаев университеті мұнай қолдану саласы мен басқа да салалар бойынша ірі-ірі мемлекеттік жобаларға ғылыми-техникалық қолдау көрсету жағынан барлық халықаралық талаптарға сай келеді.

  • Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 609/1 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    Әзірленген
    mode_editБұзушылық туралы хабарлау