Академиялық адалдық Лигасы

«Artificial Intelligence policy» Жобасы

Академиялық қызметте Жасанды Интеллектіні пайдалану жөніндегі осы саясатты (Саясат) академиялық сала контекстінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдануды реттейтін нақты және әділ нормалар мен қағидаттарды белгілеу мақсатында Академиялық адалдық лигасының жұмыс тобы әзірледі. Бұл құжат MNU үш Мектебінің тәжірибесін, сондай-ақ білім беруде ЖИ-ді қолдану саласындағы халықаралық тәжірибелерді біріктіреді. Жасанды интеллектті өздерінің оқу және зерттеу тәжірибелеріне енгізу процесіндегі немесе Академиялық адалдық пен этикалық стандарттарды ескере отырып, қолда бар тәсілдерді жақсартқысы келетін жоғары оқу орындарына пайдалануға ұсынылады.

Жобаның міндеттері:

—      Қолданыстағы тәжірибелерді талдау: әлемдік деңгейде академиялық салада Жасанды Интеллектіні қолданудың қолданыстағы тәжірибелеріне талдау жасау;

—       Пікірлер мен кері байланыс жинау: академиялық ортада Жасанды Интеллектіні пайдалану мәселелері бойынша сарапшылармен, оқытушылармен және студенттермен кеңесу және сауалнама жүргізу;

—       Саясатты әзірлеу: талдау нәтижелері мен мүдделі тараптардың пікірлерін ескеретін «Академиялық қызметте Жасанды Интеллектіні пайдалану Саясаты» құжатын әзірлеу.

—       Келісу және талқылау: мүдделі тараптармен Саясаттың алдын-ала нұсқасын талқылау және олардың кері байланысын алу;

—       Енгізу және оқыту: Саясатты енгізуді жоспарлап отырған жоғары оқу орындары үшін оқыту және қолдау бағдарламасын әзірлеу және оны тиімді енгізуді қамтамасыз ету;

—       Бақылау және жаңарту: ЖИ саласындағы өзгерістер мен пайдаланушылардың кері байланысын ескере отырып, Саясатты қадағалауға бақылау жүйесін орнату және оны үнемі жаңартып отыру.

Жобадан күтілетін нәтижелер:

—      Жасанды Интеллектті пайдалану саясаты: академиялық салада Жасанды Интеллектті қолданудың нақты нормалары мен принциптерін белгілейтін Саясатты әзірлеу және бекіту;

—       Келісілген стандарт: Академиялық адалдық пен этикалық стандарттарды ескере отырып, Жасанды Интеллектті пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарына арналған ортақ стандартты жасау;

—       Оқыту және қолдау: саясатты сәтті жүзеге асырып, қызметкерлер мен студенттерді оқытуды қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарына оқыту және қолдау бағдарламасын дайындау;

—       Академиялық адалдықты сақтау: ЖИ қолдану саласындағы академиялық адалдық пен этикалық нормалардың сақталуын арттыру;

—       Мониторинг жүйесі: болашақта оны өзектендіру үшін мониторинг жүйесін құру және саясатты жаңарту;

—       Әлемдік үлес: білім беру мен академиялық салада ЖИ-ді қолданудың әлемдік стандарттарын дамытуға үлес қосу.

Жоба академиялық қызметте Жасанды Интеллектіні тиімді және этикалық пайдалану аясын құруға және оларды жоғары оқу орындарында табысты енгізуді қамтамасыз етуді көздейді.

Жұмыс тобы:

  1. Пен Сергей, MNU Провосты
  2. Маханбаева Нұргүл, AIL Project Office Head
  3. Артур Утебаев, PhD, MNU ХЭМ Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және даму жөніндегі вице-деканы
  4. Икболжон Карабоев, Associate Professor ХЭМ MNU
  5. Любовь Сартакова, Senior Lecturer ХЭМ MNU
  6. Нұрсұлтан Базарбай, ХЭМ MNU
  7. Абай Абылайұлы, PhD, Assistant professor ҚЖМ MNU
  8. Бабаева Юлия, Senior lecturer ГЖМ MNU

Student Onboarding on Academic Integrity — Академиялық адалдық туралы хабардарлықты арттыру

Біз сіздерге жоғары оқу орындарында студенттерді табысты әрі жауапты оқу қызметіне дайындауға бағытталған бұл бастаманы ұсынуға қуаныштымыз.

Жобаның мақсаты:

Біздің жобамыздың мақсаты – білім алушыларды академиялық адалдық қағидаттарымен таныстыру, оқытушылар мен студенттер арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыру, академиялық жазу мәдениеті мен этикасының, сондай-ақ плагиаттың алдын алу дағдыларын дамыту, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу, студенттерді тиімді оқу және академиялық адалдықты қолдау үшін оқытуды басқару жүйесін (LMS) пайдалануға үйрету.

Біз не ұсынамыз:

  • Білім беру бағдарламалары: біз студенттерге академиялық адалдық мәселелерін түсінуге көмектесетін арнайы білім беру бағдарламалары мен курстарын әзірлейміз.
  • Материалдар мен ресурстар: біз студенттерге академиялық адалдықты жақсырақ түсінуге көмектесетін пайдалы материалдарға, мақалаларға және ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз.
  • Қолдау және кеңес беру: Біздің сарапшыларымыз әрқашан студенттерге академиялық адалдыққа қатысты сұрақтарға жауап беруге және жағдайларды шешуге көмектесуге дайын болады.
  • Қауымдастық: біз академиялық адалдықтың ортақ құндылықтарын бөлісетін және білім берудің осы маңызды аспектісінде бір-бірін қолдайтын студенттер қауымдастығын құрғымыз келеді.

Бейне дәрістер мен материалдар Лига мүшелері үшін мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Жобаның міндеттері:

  • Студенттерді академиялық адалдық ұғымымен және оның оқу процесіндегі маңыздылығымен таныстыру;
  • Студенттерді академиялық жазу дағдыларына үйрету;
  • Академиялық адалдық мәселелерін және оның білім беру ортасына әсерін көрсету;
  • Студенттерге оқу процесіне тиімді қатысу және академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін LMS жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен басшылықтар беру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Студенттердің академиялық адалдықтың маңызын және оның білім алу тәжірибесіндегі рөлін түсінуін жақсарту;
  • Академиялық жазу дағдыларын және академиялық адалдықты бұзушылықтардың алдын алуды дамыту;
  • Білім беру ортасында академиялық адалдықты бұзушылықтармен күресудің маңыздылығын түсіну және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру;
  • Оқу процесіне қатысу және академиялық адалдықты қолдау үшін LMS жүйесін тиімді пайдалана білу.

Академиялық адалдық – табысты оқу мен болашақ кәсіби қызметтің негізі екеніне сенімдіміз. Біздің жобамызға қосылыңыз және бізге адалдық пен этикаға негізделген білім беру қауымдастығын құруға көмектесіңіз.

Сайттағы жаңартуларымызды қадағалаңыз, және бірге біз жауапты және табысты оқуға қадам жасаймыз!

Төменде Академиялық лигаға қатысушы университеттердің тәжірибесіне негізделген курстың негізгі тақырыптары мен әрқайсысына арналған тақырыпшалар ұсынылған:

ЖОО атауыКурстың негізгі тақырыптары мен тақырыпшаларыЖауапты адамдар
1. ALMAU1. Академиялық адалдық – негіз (ұғымы, қағидаттары және т.б.):
Академиялық адалдықтың ұғымы, қағидаттары және мәдениетіАкадемиялық адалдықсыздықтың түрлеріАкадемиялық адалдықты бұзушылықтардың салдарыОқу барысында академиялық адалдықты дамыту
 Арын Әсел Арынқызы, академиялық жұмыс жөніндегі проректор 
2.МУИТ2. Білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесу нормалары мен қағидаттары:Академиялық адалдық саласындағы білім беру процесіне қатысушылардың рөлі, құқықтары мен міндеттеріБілім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынас мәдениетіАкадемиялық бұзушылықтар бойынша даулы мәселелер мен қақтығыстарды реттеуАкадемиялық адалдық қағидаттарының анықталуы кезіндегі жауапкершілік (академиялық адалдықты бұзушылық жағдайлары)  Аджибаева Ажархан Шоқанқызы, Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы, Тіркеуші кеңсесі
3.ҚБТУ3. Академиялық жазу мәдениеті мен этикасы:Академиялық этика бойынша практикалық нұсқаулық пен ұсыныстарАкадемиялық жазу және ақпарат көздерімен жұмыс істеудің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуҒылыми зерттеулерде академиялық адалдық қағидаттарын қолдануАкадемиялық мәтіндерді жазу кезіндегі қателіктердің алдын алудың және ақпарат көздерін дәйектеу ережелерінің қағидаттары мен нормалары Ерен Нұрғаным Еренқызы – оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі 
4. Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ4. Білім беру қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетАкадемиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің этикалық стандарттары мен алдын алу әдістеріСыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен этикалық мінез-құлықты дамытуБілім алушыларға сауалнама жүргізу  Сералы Акбар Мухамеджанович, «Рухани Жаңғыру» орталығының директоры
5ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы5. Студенттерге арналған LMS жүйесінде жұмыс істеу қағидаттары
LMS жүйесіндегі курстарға тіркелу және қол жеткізуТиімді оқу және өзара әрекеттесу үшін LMS функцияларын пайдалануLMS жүйесін пайдалану кезінде академиялық адалдықты сақтауЖүйе арқылы кері байланыс алу және қолдау 
 Кәрібаев Шыңғыс Талғатұлы, Білім беру саясаты орталығының жетекші сарапшысы

«Powerful platform for sharing experience» Жобасы

Бұл жоба менеджмент құрамына арналған лигаға мүше университеттердің тәжірибе алмасуының білім беру бағдарламасы болып табылады.

2022-2023 оқу жылындағы негізгі нәтижелер:

1. 2023 жылғы 14 сәуірде гибридтік форматтағы (оффлайн + онлайн) «Эндаумент қоры және университеттік менеджмент» воркшобы.

Спикер: Лаврова Светлана Николаевна, «Эндаументтердің ұлттық қауымдастығы» Басқарма Төрағасы, Санкт-Петербугтегі Еуропалық Университет қорының атқарушы директоры, СПб ЕУ Ректорының қаржы-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Санкт-Петербургтегі Еуропалық университеттің «Университеттік менеджмент» бағдарламасының директоры.

Воркшоп университеттердің ректорлары мен проректорларына, жоғары оқу орындарының стратегиялық және корпоративтік даму сарапшыларына және университеттердің тұрақты даму стратегиясын қалыптастыратын басқа да мамандарға арналған.

2. «ESG күн тәртібіндегі жоғары оқу орындары. ТД күн тәртібінің қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайы» атты2023 жылғы 11 мамырда гибридті форматта (офлайн+онлайн) өткен визионерлік дәріс.

Спикер: Шаронов Андрей Владимирович, Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік, корпоративтік басқару және тұрақты даму жөніндегі Ұлттық Альянстың (Ұлттық ESG Альянсы) бас директоры.

Дәріс тұрақты даму және ESG мәселелеріне жетекшілік ететін университет ректорларына, проректорларына және менеджерлеріне арналған.

3. 2023 жылғы 16 мамырда гибридті форматта (офлайн + онлайн) өткен «Орталық Азия – жаңа білім беру хабы: қажет немесе қажет емес» тақырыбында визионерлік дәріс.

Спикер: Ақаев Асқар Ақайұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, Қырғыз Республикасының Тұңғыш Президенті, AlmaU құрметті профессоры.

4. 2023 жылғы 30 мамырда гибридті форматта (офлайн + онлайн) өткен «Building relevant universities: experience of Singapore» дәрісі. Ағылшын тілінде.

Спикер: Professor Van Chin Tang –

Almay қамқоршылар кеңесінің мүшесі, Сингапур Менеджмент Университетінің (Сингапур) құрметті профессоры.

«Academic Integrity League Research and Ethics Committee» Жобасы

«Ғылыми және зерттеу этикасы жөніндегі комитет қызметінің басшылық қағидаттары» жобасы «Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары Альянсының Ғылыми және зерттеу этикасы жөніндегі комитетінің қызметін реттейтін нақты стандарттар мен қағидаттарды белгілеу мақсатында бастау алды. Ол Комитеттің жұмысын ұйымдастыруға және басқаруға негіз болады, Комитет мүшелеріне, сондай-ақ мекеменің зерттеушілері мен академиялық  қызметкерлеріне ғылыми және зерттеу этикасының стандарттарын белгілейді. Бұл стандарттар зерттеу жүргізудегі күтілетін мінез-құлық пен этикалық талаптарды сипаттайды.

Мақсаттары мен міндеттері AIL REC жұмысының эталоны болып табылады және мекемедегі ғылыми зерттеулерде этика мен сапаның жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаттары:

Ғылыми зерттеулердегі этикаға ықпал ету. AIL REC-тің басты мақсаты – ғылыми зерттеулер саласындағы этиканың жоғары стандарттарын көтермелеу және қолдау. AIL REC мекемеде жүргізілген барлық зерттеулерді моральдық және этикалық тұрғыдан негіздеуге, әділеттілік пен адалдық принциптерін сақтауға және зерттеуге қатысушылардың, қоғамның және ғылыми қоғамдастықтың құқықтары мен мүдделерін бұзбауға тырысады.

Мекеменің беделін сақтау. AIL REC сонымен қатар мекеменің ғылыми зерттеулердегі жоғары беделін қамтамасыз етуді және қолдауды мақсат етеді. Бұған ғылыми зерттеулердің барлық аспектілерінде этикалық стандарттар мен нормаларды сақтау арқылы қол жеткізіледі, бұл академиялық қоғамдастық пен жалпы қоғамның сеніміне ықпал етеді.

Білім беруді ілгерілету және ресурстарды дамыту. AIL REC білім беруді ілгерілетуге және ғылыми-зерттеу этикасы саласындағы ресурстарды дамытуға бағытталған. Бұл зерттеушілер мен студенттерді зерттеудегі этикалық мінез-құлық мәселелерінде оқыту мен қолдауды қамтиды.

Инновациялар мен ашықтыққа ықпал ету. AIL REC ғылыми зерттеулерде инновациялар мен жаңа әдістер мен технологияларды дамытудың маңыздылығын бағалайды. Сонымен қатар, AIL REC зерттеу процесінде ашықтықтың маңыздылығын атап көрсетеді, осылайша жұртшылық ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сене алады.

Міндеттері:

Этикалық стандарттарды әзірлеу. AIL REC ғылыми зерттеулерге арналған этикалық стандарттарды әзірлейді және бекітеді, оларды мекемедегі барлық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысушылар сақтауы керек.

Өтініштер мен шағымдарды қарау. AIL REC ғылыми зерттеулердің этикалық аспектілеріне өтінімдерді қабылдайды және этикалық стандарттардың бұзылуына қатысты шағымдарды зерттейді.

Оқу іс-шараларын өткізу. AIL REC қызметкерлер мен студенттерге арналған ғылыми-зерттеу этикасы бойынша оқыту іс-шараларын, семинарлар мен воркшорптарды ұйымдастырады.

Этика мәдениетін қолдау. AIL REC этикалық мәселелерді талқылауға және түсінуге ықпал ете отырып, мекемеде этикалық мәдениетті құру және қолдау үшін белсенді жұмыс істейді.

Этикалық принциптерді сақтау. AIL REC зерттеулерде этикалық принциптер мен стандарттардың сақталуын қадағалайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда әрекет етеді.

Ашықтықты қамтамасыз ету. AIL REC зерттеу процесінде ашықтықты қолдайды және ашық ғылым принциптеріне сәйкес зерттеу нәтижелерін жариялауға ықпал етеді.

Ресурстардың дамуы. AIL REC пішін үлгілері, ұсыныстар және ғылыми және зерттеу этикасы материалдары сияқты ресурстарды әзірлейді және жаңартады.

Сыртқы тараптармен ынтымақтастық. AIL REC ғылыми және зерттеу этикасы мәселелерін талқылау үшін кәсіби ұйымдар мен жұртшылықты қоса алғанда, сыртқы стейкхолдерлермен ынтымақтастықты қолдайды.

Принциптерді үнемі жаңартып отыру. AIL REC ғылыми зерттеулер мен қоғамдық күтулердегі өзгерістерді ескере отырып, өзінің принциптері мен стандарттарын кезең-кезеңмен қайта қарап, жаңартып отырады.

Academic Integrity Awareness — Академиялық адалдық туралы хабардарлықты арттыру

Бұл жоба академиялық адалдықтың маңыздылығы туралы Лигаға мүше жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім беру мекемелері арасында білім тарату және хабардарлықты арттыру сияқты маңызды міндет қояды. Академиялық адалдықтың нормалары мен принциптері және оларды бұзудың салдарымен таныстыру.

 Не істелінді?

—      5 негізгі тақырып бойынша бейне-дәрістер түсірген (төмендегі кестеде келтірілген);

—      Академиялық адалдық туралы білім беру іс-шараларын, семинарлар мен вебинарларын өткізеледі;

—      Оқытушыларға арналған ақпараттық материалдар мен ресурстарды әзірледі және таратты;

—      Академиялық адалдыққа ықпал ететін саясаттар мен тәжірибелерді құруда және қолдауда білім беру мекемелеріне қолдау көрсетіп жатыр;

—      Лигаға мүше білім беру мекемелерінде Академиялық адалдық мәдениетін дамытуға ықпал етті.

Біз Академиялық адалдық – сапалы білім мен ғылыми зерттеулердің негізі екеніне сенімдіміз. Біздің жобаға қосылыңыздар және бізге адал және әділ білім беру қауымдастығын құруға атсалыңыздар!

Жобаның міндеттері:

—      Академиялық адалдық нормаларының типтік бұзылуын және олардың алдын алу жолдарын қарастыру;

—      Академиялық тапсырмаларды адал орындауға ықпал ететін практикалық бағалау өлшемшарттарын ұсыну;

—      Ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде этикалық стандарттарды ұсыну және жарияланымдарда адалдықты қолдау;

—      Академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін LMS жүйесін тиімді пайдалану бойынша басшылықты (нұсқаулықты) ұсыну.

Күтілетін нәтижелер:

—  Профессорлық-оқытушылар құрамының тәжірибеге бағдарланған академиялық адалдықтың маңыздылығын түсінуін арттыру;

—  Академиялық тапсырмаларда адалдықты қолдайтын тиімді бағалау өлшемшарттарын құру;

—  Ғылыми зерттеулердің этикалық аспектілерін және этикалық жариялау принциптерін түсінуді жақсарту;

—  Оқу процесінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін LMS жүйесін қолдану дағдыларын арттыру.

Төменде Академиялық адалдық лигасына қатысушы университеттердің тәжірибесіне негізделген курстың негізгі тақырыптары және әрқайсысына арналған 4 тақырыпша берілген:

ЖОО атауыКурстың негізгі тақырыптарының  және тақырыпшаларының атауларыЖауапты адамдар
1.М. Қозыбаев атындағы СҚУ1.Академиялық адалдық:· Университет қауымдастығындағы Академиялық адалдық мәдениетінің;· Академиялық адалдық ұғымы мен принциптерінің;· Жоғары оқу орындарының академиялық саясатының негізі ретінде  1. Есекенова Қарлығаш Бахтиярқызы, «Саналы ұрпақ» жобалау кеңсесінің Комплаенс академ. офицері (қазқша)2. Джемалиденова Инна Михайловна, Бас комплаенс офицер (орысша)
2.Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті2. Академиялық адалдық нормалары. Нормалар мен қағидаттарды бұзу:Университеттегі академиялық адалдықты нормативтік реттеуАкадемиялық адалдықты бұзудың түрлері мен формалары.· Силлабус· Академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, курс материалдарын орналастыру өлшемшарттарыКабдесов Кенжехан Талгатулы, Сапаны қамтамасыз ету орталығының басшысы (қазақша/орысша)
3.Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті3. Бағалау өлшемшарттары:· Критериалды бағалаудың принциптері мен функциялары· Саясатты және ашық бағалау өлшемшарттарын әзірлеу· Оқыту мақсаттары мен бағалау әдістерінің байланысы1. Тогайбаева Айгулден Кадировна, Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты (қазақша)
2. Имжарова Зауреш Убайдулловна, Доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты (орысша)
4.Maqsut Narikbayev University4. Ғылыми зерттеулер этикасы· Ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде адалдық пен әділдік· Ғылыми зерттеулер этикасының негіздері· Деректермен жұмыс істеу кезінде этика ережелерін сақтау· Жарияланым этикасы және авторлық құқық  5. LMS жүйесінде жұмыс істеу қағидаттары· Академиялық адалдықты қолдау үшін LMS жүйесінің негізгі функционалдығыМатериалдар мен тапсырмаларға қолжетімділікті басқаруLMS-те плагиатқа қарсы жүйелерді қолдану· Студенттердің белсенділігін бақылау және адалдықтың бұзылуына анықтау 1. Абылайұлы Абай, Adjunct Assistant Professor, Жоғары құқық мектебінің «Халықаралық құқық» бағдарламасының директоры (қазақша)2. Бабаджанян Эстер, Professor, Жоғары құқық мектебінің Құқықтану бағдарламасының жетекшісі (орысша)   1. Маханбаева Нұргүл Нұрланқызы – Академиялық адалдық лигасының жетекшісі  (қазақша) 2. Утегенов Ансар, Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі кеңсенің жетекшісі. Воронков Яков, Академиялық адалдық лигасы хатшылығының жетекшісі (орысша)

«Quality Assurance Guidelines for Universities» Жобасы

«Университеттерге арналған сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық» жобасы

Университеттерге арналған сапаны қамтамасыз ету жөніндегі осы Нұсқаулықты (басшылықты) Академиялық адалдық лигасының жұмыс тобы білім беру процесінің сапасын бақылау және ішкі академиялық менеджмент жүйесін құру кезіндегі негізгі параметрлер мен бағдарларды айқындайтын құжат ретінде әзірледі. Басшылық ESG-ді енгізуге негізделген Лигаға мүше жоғары оқу орындарының тәжірибесін, сондай-ақ жоғары білім берудегі академиялық менеджмент саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді біріктіреді. Академиялық сапа менеджменті жүйесін трансформациялау немесе құру процесіндегі ЖОО-ларға пайдалануға ұсынылады.

Жоба мақсаты:

Біздің мақсатымыз – университеттерге ЖОО ішінде академиялық сапа менеджменті жүйесін құруға көмектесетін, болашақта жоғары білім сапасын жақсартуға көмектесетін жан-жақты қамтылған нұсқаулықты әзірлеу. Біз білім беру мекемелері осы нұсқаулықтың көптеген қадамдарын жүзеге асыру арқылы студенттерге ең жоғары стандарттарға сәйкес келетін білім берудің ең жоғары деңгейін ұсына алатындай етіп жасауға тырысамыз.

Біздің жоспарымыз қандай?:

—      Білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бойынша толыққанды ұсынымдар әзірлеу;

—      Білім беру процестерінің сапасын бағалау және қамтамасыз ету әдістерін құру;

—      Университеттерге өз қызметін оңтайландыруға көмектесетін пайдалы ресурстар мен құралдарды ұсыну;

—      Академиялық адалдыққа қол жеткізуге және оқу тиімділігін арттыруға қолдау көрсету.

Біз білімді – қоғамның негізгі элементі деп есептейміз. Осы жоба арқылы біз білім беруді жақсартуға және оны баршаға қолжетімді және сапалы етуге атсалысамыз.

Сайттағы жаңартуларымызды қадағалаңыздар және жақында осы маңызды жұмысымыздың нәтижелерімен бөлісетін боламыз!

Жұмыс тобы:

ЖОО атауыНұсқаулық бөлімінің нөмірі мен атауыЖауапты тұлғалар
1Maqsut Narikbayev University№2- бөлім «Сапаны қамтамасыз ету аясы және контексі»№ 3-бөлім «Саясатты әзірлеу процесі»№ 4-бөлім «Қажетті саясаттың түрлері»№ 5-бөлім «Нақты рөлдер мен позицияларды құру»№ 6-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету комитеті»№ 11-бөлім «Стейкхолдердің міндеттері мен жауапкершілігі»№ 13-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету нұсқаулығына өзгертулерді енгізу тәртібі»Пен Сергей Геннадьевич, ProvostМаханбаева Нургуль Нурлановна, AIL Project Office Head 
2Қ. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті№10-бөлім «Сапаны қамтамасыз етуде цифрландыруды пайдалану»Кабдесов Кенжехан Талгатулы, Сапаны қамтамасыз ету орталығының жетекшісі
3Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗИ№ 7-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету индикаторлары»Санкабаева Асел Нурсалимовна, Тіркеуші кеңсесінің білім алушыларды тіркеу бөлімінің басшысы
4 С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ№ 6-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету комитеттері»Абылгазина Айгуль Есимжановна, Академиялық сапа бөлімінің жетекшісі
5Қарағанды медициналық университеті№ 8-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету мониторингінің деңгейі»№ 9-бөлім «Ішкі және сыртқы бағалау»№ 10-бөлім «Сапаны қамтамасыз етуде цифрландыруды пайдалану»Риклефс Виктор Петрович, Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор
6Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті№ 10-бөлім «Сапаны қамтамасыз етуде цифрландыруды пайдалану»Махметова Жадыра Нұрлыбекқызы, Head of Quality Assurance Team
7М. Қозыбаев атындағы СҚУ7-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету индикаторы»№ 12-бөлім «Сапаны арттыру жөніндегі бастамалар»Погребицкая Марина Владимировна, Стратегия және даму департаментінің директоры
8ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы№ 6-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитет»№ 7-бөлім «Сапаны қамтамасыз ету индикаторлары»Ибрагимова Айгерим Акылбековна, Білім беру саясаты орталығының бас сарапшысы 

«Академиялық адалдық лигасының мониторингі және рейтингі» Жобасы

«Академиялық адалдық лигасының Стандарты бойынша университеттердің мониторингі және Академиялық адалдық лигасының рейтингі

Кіріспе:

Біз университеттердегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ұсынамыз — жаңартылған Академиялық адалдық лигасының стандартына көшу.

Бұрын жоғары оқу орындарын мониторинглеу 105 критерий негізінде жүзеге асырылды, бұл тұрақты бағалау практикасын қалыптастыруға және едәуір тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Алайда жұмыс барысында академиялық адалдықтың заманауи жүйесі тек сандық бағалауды ғана емес, сонымен бірге университеттердің неғұрлым терең сапалық трансформациясын да талап ететіні айқын болды.

Осыған байланысты Академиялық адалдық лигасы академиялық адалдықты институционалдандырудың халықаралық тәсілдеріне сүйене отырып, Стандартты жаңартуды шешті. Жаңа стандарт университеттегі адалдық мәдениетін қалыптастыруға жүйелі және кешенді тәсілді көрсететін 7 негізгі блок пен 39 критерий бойынша құрылымдалған.

Жаңа тәсілдің ерекшелігі — процестердің болуына ғана емес, олардың жетілу деңгейіне де, яғни бастапқы кезеңнен бастап академиялық адалдық жоғары оқу орны мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналатын трансформациялық кезеңге дейін назар аударылуы.

Университеттерді мониторинглеуді Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесі ұйымдастырады. Ай сайын Лига мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен сараптамалық комиссия құрылады, бұл объективтілікті, кәсібилікті және тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.

Лигаға мүше жоғары оқу орындарына жүргізілген мониторинг нәтижелері осы сілтеме арқылы қолжетімді (free for members).

Мақсаты:

Лига қызметінің негізгі мақсаты — академиялық адалдықты институционалдандыруға және жоғары білімде адалдықтың тұрақты мәдениетін дамытуға бағытталған 39 критерий негізінде университеттерді жүйелі және тұрақты мониторинглеу.

Қосымша, мониторинглеу нәтижелері негізінде университеттердің даму деңгейін көрсететін, үздік практикаларды демонстрациялайтын және сапалы өзгерістерді ынталандыратын 4 деңгей қалыптастырылады: starting, emerging, developing, transforming.

Біз не ұсынамыз:

1. 7 блок шеңберінде 39 критерий бойынша мониторинглеу

Жаңа стандарт академиялық адалдықты институционалдандырудың негізгі бағыттарын қамтиды:

  • Әкімшілік басшылық және қолдау
  • Оқытушыларды тарту және қолдау
  • Студенттерді тарту және қолдау
  • Персоналды тарту және қолдау
  • Білім беру және коммуникация
  • Саясат пен процедуралар
  • Зерттеулер мен бағалау

— Кешенді бағалау: Мониторинглеу процестердің болуын ғана емес, олардың даму деңгейін де — бастапқыдан трансформациялыққа дейін анықтауға мүмкіндік береді.

— Жеке есептер мен ұсыныстар: Әрбір университет барлық блоктар мен критерийлер бойынша талдаумен толық есеп, сондай-ақ одан әрі дамуға практикалық ұсыныстар алады.

2. Ашықтықты арттыру

— Лига мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындары үшін нәтижелердің қолжетімділігі: Мониторинглеу нәтижелері академиялық қоғамдастыққа қолжетімді болады, бұл сенім мен ашықтықтың қалыптасуына ықпал етеді.

— Студенттер мен қызметкерлердің саналы қатысуы: Университет қоғамдастығы академиялық адалдықты дамытудағы нақты қадамдар мен прогресті көру мүмкіндігіне ие болады.

3. Тәжірибе алмасу және қоғамдастықты дамыту

— Кәсіби сараптамалық өзара іс-қимыл: Мониторинглеу шеңберінде түрлі университеттердегі сарапшылардың бірегей өзара іс-қимыл ортасы қалыптасады.

— Үздік практикалар платформасы: Фото және бейнетіркеуді қамтитын есептер, сондай-ақ университеттердің кейстері табысты шешімдер мен тәсілдердің базасын қалыптастырады.

— Білім беру іс-шаралары: Лига университеттердегі нақты процестерді дамытуға бағытталған вебинарлар, шеберлік сыныптары және оқу барулар ұйымдастырады.

Жаңартылған стандарт академиялық адалдықты тереңірек институционалдандыруға, білім сапасын арттыруға және күшті кәсіби университеттер қоғамдастығын қалыптастыруға маңызды қадам болады деп сенімдіміз.

Жаңартуларымызды қадағалаңыз және жоғары білім саласындағы жүйелі өзгерістердің бір бөлігіне айналыңыз!

Бұзушылық туралы хабарлау

Бұзушылық туралы хабарлау

Шағым сәтті жолданды