«Академиялық адалдық лигасының Стандарты бойынша университеттердің мониторингі және Академиялық адалдық лигасының рейтингі
Кіріспе:
Біз университеттердегі академиялық адалдықты қамтамасыз ету жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ұсынамыз — жаңартылған Академиялық адалдық лигасының стандартына көшу.
Бұрын жоғары оқу орындарын мониторинглеу 105 критерий негізінде жүзеге асырылды, бұл тұрақты бағалау практикасын қалыптастыруға және едәуір тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді. Алайда жұмыс барысында академиялық адалдықтың заманауи жүйесі тек сандық бағалауды ғана емес, сонымен бірге университеттердің неғұрлым терең сапалық трансформациясын да талап ететіні айқын болды.
Осыған байланысты Академиялық адалдық лигасы академиялық адалдықты институционалдандырудың халықаралық тәсілдеріне сүйене отырып, Стандартты жаңартуды шешті. Жаңа стандарт университеттегі адалдық мәдениетін қалыптастыруға жүйелі және кешенді тәсілді көрсететін 7 негізгі блок пен 39 критерий бойынша құрылымдалған.
Жаңа тәсілдің ерекшелігі — процестердің болуына ғана емес, олардың жетілу деңгейіне де, яғни бастапқы кезеңнен бастап академиялық адалдық жоғары оқу орны мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналатын трансформациялық кезеңге дейін назар аударылуы.
Университеттерді мониторинглеуді Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесі ұйымдастырады. Ай сайын Лига мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен сараптамалық комиссия құрылады, бұл объективтілікті, кәсібилікті және тәжірибе алмасуды қамтамасыз етеді.
Лигаға мүше жоғары оқу орындарына жүргізілген мониторинг нәтижелері осы сілтеме арқылы қолжетімді (free for members).
Мақсаты:
Лига қызметінің негізгі мақсаты — академиялық адалдықты институционалдандыруға және жоғары білімде адалдықтың тұрақты мәдениетін дамытуға бағытталған 39 критерий негізінде университеттерді жүйелі және тұрақты мониторинглеу.
Қосымша, мониторинглеу нәтижелері негізінде университеттердің даму деңгейін көрсететін, үздік практикаларды демонстрациялайтын және сапалы өзгерістерді ынталандыратын 4 деңгей қалыптастырылады: starting, emerging, developing, transforming.
Біз не ұсынамыз:
1. 7 блок шеңберінде 39 критерий бойынша мониторинглеу
Жаңа стандарт академиялық адалдықты институционалдандырудың негізгі бағыттарын қамтиды:
- Әкімшілік басшылық және қолдау
- Оқытушыларды тарту және қолдау
- Студенттерді тарту және қолдау
- Персоналды тарту және қолдау
- Білім беру және коммуникация
- Саясат пен процедуралар
- Зерттеулер мен бағалау
— Кешенді бағалау: Мониторинглеу процестердің болуын ғана емес, олардың даму деңгейін де — бастапқыдан трансформациялыққа дейін анықтауға мүмкіндік береді.
— Жеке есептер мен ұсыныстар: Әрбір университет барлық блоктар мен критерийлер бойынша талдаумен толық есеп, сондай-ақ одан әрі дамуға практикалық ұсыныстар алады.
2. Ашықтықты арттыру
— Лига мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындары үшін нәтижелердің қолжетімділігі: Мониторинглеу нәтижелері академиялық қоғамдастыққа қолжетімді болады, бұл сенім мен ашықтықтың қалыптасуына ықпал етеді.
— Студенттер мен қызметкерлердің саналы қатысуы: Университет қоғамдастығы академиялық адалдықты дамытудағы нақты қадамдар мен прогресті көру мүмкіндігіне ие болады.
3. Тәжірибе алмасу және қоғамдастықты дамыту
— Кәсіби сараптамалық өзара іс-қимыл: Мониторинглеу шеңберінде түрлі университеттердегі сарапшылардың бірегей өзара іс-қимыл ортасы қалыптасады.
— Үздік практикалар платформасы: Фото және бейнетіркеуді қамтитын есептер, сондай-ақ университеттердің кейстері табысты шешімдер мен тәсілдердің базасын қалыптастырады.
— Білім беру іс-шаралары: Лига университеттердегі нақты процестерді дамытуға бағытталған вебинарлар, шеберлік сыныптары және оқу барулар ұйымдастырады.
Жаңартылған стандарт академиялық адалдықты тереңірек институционалдандыруға, білім сапасын арттыруға және күшті кәсіби университеттер қоғамдастығын қалыптастыруға маңызды қадам болады деп сенімдіміз.
Жаңартуларымызды қадағалаңыз және жоғары білім саласындағы жүйелі өзгерістердің бір бөлігіне айналыңыз!
