Академиялық адалдық Лигасы

«Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары қауымдастығындағы мүшелік және мониторинг жүргізу тәртібі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы Ереже «Академиялық адалдық лигасы» жоғары оқу орындары қауымдастығының (бұдан әрі – Лига) Жарғысы мен стандарттарына сәйкес әзірленді және Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) Лига мүшелігіне қабылдау тәртібін, тұрақты мониторингтен өту ережелерін, сондай-ақ толыққанды мүшелік мәртебесіне ие болу шарттары мен мониторингтен кейінгі бақылау ережелерін анықтайды.

1.2 Академиялық адалдық лигасының толыққанды мүшесі болып жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыруды, академикалық адалдық қағидаттарын қолдауды, тұрақты сақтауды, енгізуді және ілгерілетуді, Лиганың басқа мүшелерімен жемісті ынтымақтастықты мақсат етіп қоятын және ресми мониторинг нәтижелері бойынша «Developing» немесе «Transforming» институционалдық даму деңгейін сәтті растаған ЖЖОБҰ бола алады.

1.3 Лигада институционалдық іріктеу, қабылдау және мәртебені растау процесі AIRS 2.0 халықаралық моделі бойынша академикалық адалдықты кешенді бағалауға негізделген (7 компонент бойынша 39 критерий) және келесі кезекті кезеңдерден тұрады:

ЖЖОБҰ Жалпы жиналыс Төрағасының атына жазбаша өтініш береді және Жалпы жиналыстың шешімінен кейін «Өтініш беруші» уақытша мәртебесі беріледі;

ЖЖОБҰ Лиганың сарапшылар тобының ресми көшпелі мониторингінен өтеді;

Мониторинг нәтижелері бойынша ресми есеп қалыптастырылады және Жалпы жиналыс ЖЖОБҰ-ға төрт қорытынды институционалдық мәртебенің бірін (Starting / Emerging / Developing / Transforming) беру туралы шешім қабылдайды.

1.4 Лигада болудың негізгі критерийлерінің бірі ЖЖОБҰ басшылығының мінсіз беделі және білім беру саласында сыбайлас жемқорлық көріністерінің болмауы болып табылады. Лига Қауымдастық мүшелігі аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасыруға бағытталған кез келген әрекеттердің жолын кесе отырып, студенттер мен оқытушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

2. ЖЖОБҰ бірінші басшыларының Лига жұмысына қатысуының міндеттілігі

2.1 Лига мүшелері ЖЖОБҰ-ның бірінші басшыларының (ректорларының) немесе олардың міндеттерін ресми атқарушы тұлғалардың (ресми сенімхат негізінде академиялық мәселелер жөніндегі проректорлардың) Жалпы жиналыс отырыстарына қатысуы ЖОО-лардың Лига қызметіне саналы түрде қатысуы мен институционалдық жауапкершілігін қамтамасыз етудің міндетті шарты болып табылады.

2.2 Өтініш беруші ұйымды Лигаға қабылдау мәселесі Жалпы жиналыстың отырысында осы ұйымның бірінші басшысының (ректордың немесе ректор м.а.) жеке қатысуымен ғана қаралады. Өтініш берушінің бірінші басшысы болмаған жағдайда, мәселені қарау келесі Жалпы жиналысқа ауыстырылады.

2.3 Академиялық адалдық лигасы өз мәдениетін өзара сенім, жоғары жауапкершілік және жұмылдыру қағидаттарына негіздейді. ЖЖОБҰ бірінші басшысының (немесе сенімхат бойынша оның ресми өкілінің) Лиганың Жалпы жиналыстарында дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспауы (қатарынан 3 реттен артық) Жалпы жиналысқа университет мүшелігін тоқтата тұру немесе Лига құрамынан шығару туралы мәселені енгізу үшін негіз болып табылады.

2.4 Бірінші басшылары (ректор, Бақ мүшелері) немесе Лигада ЖОО мүдделерін білдіретін уәкілетті лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық бұзушылықтармен ресми байланысты болған немесе оларға қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқан ЖЖОБҰ-лардың Лигадағы мүшелігі (немесе кандидат мәртебесі) ресми процессуалдық талқылаулар аяқталғанға дейін автоматты түрде тоқтатыла тұрады. Профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) немесе желілік қызметкерлер тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар, егер ЖЖОБҰ әкімшілігі құқық қорғау органдарына ресми түрде жәрдемдессе, салдарды жою бойынша түбегейлі шаралар қабылдаса және сыбайлас жемқорлыққа қарсы механизмдерді ашық түрде енгізсе, ЖОО мәртебесінің автоматты түрде тоқтатылуына әкеп соқпайды.

Бұзушылық туралы хабарлау

Бұзушылық туралы хабарлау

Шағым сәтті жолданды