2019 жылдың 27 қыркүйегінде КАЗГЮУ Университетінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтті.
Шара аясында «Студент жастардың қоғамдық тұтастықты жақсартуға және сыбайлас жемқорлықты азайтуға тиімді қатысу формалары» тақырыбында бейнеконференция өтті.
Конференция барысында спикерлер ғылым және білім саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың құқықтық тетіктерін жетілдіру мәселелерін талқылады, сондай-ақ жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы ұсыныстар айтты.
Сонымен қатар, мемлекет қаражатының жұмсалуы туралы мемлекеттік ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету мақсатында жасалған Ашық бюджеттердің интерактивті картасы таныстырылды.
