Академиялық адалдық лигасы

Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары Академиялық адалдық лигасының мүшелері болады

«Бүгін Қазақстанның жетекші университеттері M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нде бас қосып, Академиялық адалдық лигасы қызметінің мәселелерін талқылайтын болады»,-деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Дата публикации: 28.08.2018

АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ: «Бүгін Қазақстанның жетекші университеттері           M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нде бас қосып, Академиялық адалдық лигасы қызметінің мәселелерін талқылайтын болады»,-деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Қазақстанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Заң университеттердің академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін біртіндеп кеңейтуге бағытталған», - деді ол.

Вице-министр Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясында ЖОО қауымдастығын құру жобасы ұсынылғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда 27 ЖОО лигаға кіру туралы шешім қабылдады. Олардың қатарында ХАТУ университеті, ҚБТУ, Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, КИМЭП, AlmaU, қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, С.Демирел атындағы Университет, КазГЮУ, ҚазҰПУ және басқалары бар», - деді ол.

Вице-министр сонымен қатар барлық ниет білдірушілер Лигаға мүше бола алатындығын, бірақ ол үшін белгілі бір принциптерді сақтау қажет екенін айтты.

Асхат Аймағамбетов Лиганың негізгі мақсаты академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру және ілгерілету арқылы білім беру сапасын арттыру болып табылатынын атап өтті.

Белгілі болғандай, Лиганың қызметі әлемдегі университеттердің үздік тәжірибелеріне негізделген Жарғыда көрсетілген 10 қағидатпен тығыз байланысты болады.

Кездесу барысында сондай-ақ Лиганың Жарғысы мен құрылтай құжаттарын талқылау және бекіту, Лига шеңберіндегі өзара іс-қимыл нысандарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар беру, сондай-ақ қауымдастықтың бірінші Төрағасы мен атқарушы органының басшысын тағайындау жоспарлануда.

Сурет: kazguu.kz

 

Авторы: Лаура Амантаева

  • Бөлісу:

    Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    mode_editБұзушылық туралы хабарлау