Академиялық адалдық лигасы
Дата публикации: 21.12.2023
Құрметті достар, баршаңызға күн сәттілігін тілеймін.
Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын, отбасыларыңызға береке және ырыс-дәулет тілеймін!
Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесі жақсы жаңалығымен бөлісуге қуанышты.
Осы дөңгелек үстел ең маңызды және қажетті құжатты – Академиялық адалдық лигасына мүше жоғары оқу орындары үшін жасанды интеллектіні қолдану бойынша Бірыңғай саясатты әзірлеуге түрткі болды.
Осылайша, MNU-де Провост Сергей Геннадьевичтің жетекшілігімен «Жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалану жөніндегі нұсқаулықты» әзірлеген Жұмыс тобы құрылды.
Аталған құжаттың таныстырылымы кеше, 20 желтоқсан күні, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің РОӘК отырысында Пен Сергей Геннадьевич таныстырды және оны академиялық қызметте әрі қарай қолдану үшін жоғары оқу орындарына жолданды. Бұл құжат Лиганың сайтында «Жоспарлар мен жобалар» бөлімінде орналастырылатын болады, қазақ және ағылшын тілдеріндегі аудармасы дайын болғаннан кейін Академиялық адалдық лигасына мүше жоғары оқу орындарының кеңселеріне ресми түрде жолданатын болады.
Сондай-ақ ААЛ Жобалық кеңсесі атынан Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі ЖОО аралық стандарттың жобасын әзірлеген және дайындаған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) Ректоры Асқар Кусупбекұлы Хикметовке және оның командасына білім беру болашағына қосқан үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызды Академиялық адалдық пен болашақ зерттеулердің этикасын дамытудағы осы маңызды қадаммен құттықтаймыз. Біз жоғары стандарттар мен инновацияларға негізделген білім беру болашағын бірге құруға атсалысып жатырмыз.
Құрметпен,
AIL PO Head
Нұргүл Маханбаева.
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе