Академиялық адалдық лигасы

Қазақстан Академиялық адалдық лигасының құрамы 10 ЖОО-мен толығуы мүмкін

Бүгінгі таңда американдық «Айви лигасының» қазақстандық баламасын 12 институт пен университет құрайды

Дата публикации: 27.05.2019

Академиялық адалдық лигасы тағы 10 ЖОО-мен толықтырылуы мүмкін»,-деп мәлімдеді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 21 мамырда.

«Академиялық адалдық лигасының жұмысы бар, біз бұл жұмысты жалғастырамыз: онда 12 ЖОО, 10-нан астам ЖОО үміткер бар, олар осы Лигаға түсу үшін тестілеу сипаттындағы емтихандардан бас тарта отырып, жазбаша емтихандар санын барынша арттыруы тиіс»,- деді К.Шәмшидинова.

Академиялық адалдық лигасы Қазақстанда өткен жылдың жазында АҚШ-тағы Айви Лигасының баламасы ретінде құрылды, оған мүшелік осы Лигадағы жоғары оқу орнында білім берудің жоғары деңгейіне кепілдік береді. Бұл ретте қазақстандық Лиганың мүшелері студенттер мен оқытушылардың барлық жазбаша жұмыстарын плагиатқа міндетті түрде тексерудің халықаралық жүйелерін қолданады, Академиялық адалдық қағидаттарын бұзушылықтар анықталған жағдайда ЖОО Лигадан шығарылуы мүмкін.

Министр жоғары білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы сөз қозғай отырып, өзі басқарып отырған студенттердің білімін бағалаудың барлық жүйесін, оның ішінде оның соңғы кезеңін – дипломдарды беруді – электрондық форматқа ауыстыруды жоспарлап отырғанын еске салды.

«Жоғары оқу орындарында жүргізілетін сауалнама жүйесімен қатар (студенттердің білімі – Kursiv) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жаңа курс енгізілуде, бұл жұмысты біз қазірдің өзінде бастап кеттік: биылғы жылы студенттерге сауалнама жүргізілді, сауалнамаға қатысқандардың 70%-дан астамы бұл құбылысқа тап болмайтынын айтты, бірақ қалған 30%-ның жауабы бізді алаңдатуы керек», - деп қорытындылады БҒМ басшысы.

Негіздеме: Курсив -деловые новости Казахстана

  • Бөлісу:

    Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    mode_editБұзушылық туралы хабарлау