Академиялық адалдық лигасы
Дата публикации: 10.09.2024
Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесінің басшысы Нұргүл Нұрланқызы Маханбаева Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің көшпелі тамыз конференциясында AIRS 2.0 стандарттары және Лиганың Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерілетудегі жобалары тақырыбында негізгі спикер ретінде сөз сөйледі.
3500-ден астам мұғалімдерді, қызметкерлер мен мектеп басшыларының басын қосқан Конференция білім берудің өзекті мәселелерін, соның ішінде академиялық адалдықты талқылау үшін маңызды алаңға айналды. Нұргүл Маханбаева Академиялық адалдық қағидаттарын орта білім беру деңгейінде, әсіресе технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында оқу процесіне интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
Көтерілген негізгі мәселелер:
· Консорциум құру: Академиялық адалдық Лигасы орта білім беруде академиялық адалдықты ілгерілету үшін Консорциум құратынын жариялады. Консорциумның мақсаты – академиялық адалдық қағидаттарын іске асыру арқылы орта білім беру сапасын жақсарту.
· Стандарттар және Ар-намыс кодексі: Консорциум мектептер үшін бірыңғай Академиялық адалдық стандартын әзірлейді және саясат пен ар-намыс кодексін енгізеді.
· Қатысушылардың міндеттемелері: Консорциумға кіретін мектептер Академиялық адалдық комитеттерін құруы, стратегиялық жоспарлар құруы және оқушыларды Ар-намыс анты түрінде қабылдауға міндеттеуі керек.
Н.Н. Маханбаева: «Конференция тақырыбы – «Жаңа технологиялар дәуіріндегі Академиялық адалдық» – бұрынғыдан да өзекті. Бірлескен күш-жігермен біз Қазақстандағы білім берудің барлық деңгейлерінде Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыра алатынымызға сенімдімін».
Академиялық адалдық лигасы мектептерді адал және ашық білім беру ортасын құру үшін бірлесіп жұмыс істеу үшін Консорциумға қосылуға шақырады
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе