Академиялық адалдық лигасы

Лиганың қауымдастырылған мүшелері
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыруды және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады.

Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары оқу министрлігі
Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары оқу министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім, ғылым және балалардың құқықтарын қорғау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ведомстволары:

 1) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті;

 2) Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті;

 3) Ғылым комитеті

 4) Тіл саясаты комитеті;

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Министрліктің құрамында келесі комитеттер бар:

1) Орта білім беру комитеті;

2) Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті;

3) Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы

«Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдармен бизнестің келіссөздік күшін күшейту үшін құрылған.

Кәсіпкерлер палатасы өз қызметімен ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін білдіреді. «Атамекеннің» басты міндеті – бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау және бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне барлық кәсіпкерлерді кеңінен қамту мен тартуды қамтамасыз ету.

"Білім-инновация" Халыкаралық қоғамдық қор

Білім беру және тәрбие саласындағы отандық және халықаралық озық тәжірибеге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті және үйлесімді дамыған тұлғаны дамыту үшін жағдай жасай отырып, елдің адами капиталын дамытуға жәрдемдесу.

Қазақстан бойынша 32 "Білім-инновация" лицей, 1 меморандум негіінде лицей және 1 инновациялық колледжі бар.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы

Біздің оқу бағдарламамыз сыни тұрғыдан ойлауға, мәселелерді шешуге, шығармашылыққа және ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, дәстүрлі оқыту әдістерінен асып түседі. Біз оқушыларды жаңа идеяларды зерттеуге, қиындықтарға бейімделуге және өмір бойы оқуға деген сүйіспеншілікті дамытуға шақыратын оқу ортасын жасаймыз.

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы – білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми орталық.

Байланыстар

Заңды мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

phone_in_talk +7 7172 702851

© 2019 All Rights Reserved

mode_editБұзушылық туралы хабарлау