Академиялық адалдық Лигасы

«Artificial Intelligence policy» Жобасы

Академиялық қызметте Жасанды Интеллектіні пайдалану жөніндегі осы саясатты (Саясат) академиялық сала контекстінде жасанды интеллектіні (ЖИ) қолдануды реттейтін нақты және әділ нормалар мен қағидаттарды белгілеу мақсатында Академиялық адалдық лигасының жұмыс тобы әзірледі. Бұл құжат MNU үш Мектебінің тәжірибесін, сондай-ақ білім беруде ЖИ-ді қолдану саласындағы халықаралық тәжірибелерді біріктіреді. Жасанды интеллектті өздерінің оқу және зерттеу тәжірибелеріне енгізу процесіндегі немесе Академиялық адалдық пен этикалық стандарттарды ескере отырып, қолда бар тәсілдерді жақсартқысы келетін жоғары оқу орындарына пайдалануға ұсынылады.

Жобаның міндеттері:

— Қолданыстағы тәжірибелерді талдау: әлемдік деңгейде академиялық салада Жасанды Интеллектіні қолданудың қолданыстағы тәжірибелеріне талдау жасау;

— Пікірлер мен кері байланыс жинау: академиялық ортада Жасанды Интеллектіні пайдалану мәселелері бойынша сарапшылармен, оқытушылармен және студенттермен кеңесу және сауалнама жүргізу;

— Саясатты әзірлеу: талдау нәтижелері мен мүдделі тараптардың пікірлерін ескеретін «Академиялық қызметте Жасанды Интеллектіні пайдалану Саясаты» құжатын әзірлеу.

— Келісу және талқылау: мүдделі тараптармен Саясаттың алдын-ала нұсқасын талқылау және олардың кері байланысын алу;

— Енгізу және оқыту: Саясатты енгізуді жоспарлап отырған жоғары оқу орындары үшін оқыту және қолдау бағдарламасын әзірлеу және оны тиімді енгізуді қамтамасыз ету;

— Бақылау және жаңарту: ЖИ саласындағы өзгерістер мен пайдаланушылардың кері байланысын ескере отырып, Саясатты қадағалауға бақылау жүйесін орнату және оны үнемі жаңартып отыру.

Жобадан күтілетін нәтижелер:

— Жасанды Интеллектті пайдалану саясаты: академиялық салада Жасанды Интеллектті қолданудың нақты нормалары мен принциптерін белгілейтін Саясатты әзірлеу және бекіту;

— Келісілген стандарт: Академиялық адалдық пен этикалық стандарттарды ескере отырып, Жасанды Интеллектті пайдалануға мүмкіндік беретін жоғары оқу орындарына арналған ортақ стандартты жасау;

— Оқыту және қолдау: саясатты сәтті жүзеге асырып, қызметкерлер мен студенттерді оқытуды қамтамасыз ету үшін жоғары оқу орындарына оқыту және қолдау бағдарламасын дайындау;

— Академиялық адалдықты сақтау: ЖИ қолдану саласындағы академиялық адалдық пен этикалық нормалардың сақталуын арттыру;

— Мониторинг жүйесі: болашақта оны өзектендіру үшін мониторинг жүйесін құру және саясатты жаңарту;

— Әлемдік үлес: білім беру мен академиялық салада ЖИ-ді қолданудың әлемдік стандарттарын дамытуға үлес қосу.

Жоба академиялық қызметте Жасанды Интеллектіні тиімді және этикалық пайдалану аясын құруға және оларды жоғары оқу орындарында табысты енгізуді қамтамасыз етуді көздейді.

Жұмыс тобы:

  1. Пен Сергей, MNU Провосты
  2. Маханбаева Нұргүл, AIL Project Office Head
  3. Артур Утебаев, PhD, MNU ХЭМ Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және даму жөніндегі вице-деканы
  4. Икболжон Карабоев, Associate Professor ХЭМ MNU
  5. Любовь Сартакова, Senior Lecturer ХЭМ MNU
  6. Нұрсұлтан Базарбай, ХЭМ MNU
  7. Абай Абылайұлы, PhD, Assistant professor ҚЖМ MNU
  8. Бабаева Юлия, Senior lecturer ГЖМ MNU
Бұзушылық туралы хабарлау

Бұзушылық туралы хабарлау

Шағым сәтті жолданды