«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру және Akademiialyq Adaldyq Ligasy жоғары білім беру саласындағы жауапкершілік мәдениетін нығайту шеңберінде лигамен ынтымақтастыққа мүдделі университеттер үшін онлайн-консультациялар өткізілді.
Бүгін университеттер үшін екі онлайн кездесу өткізілді:
СҚО-10: 00
Ақмола облысы
Қостанай облысы
Павлодар облысы
Астана
БҚО-15: 00
Атырау облысы
Ақтөбе облысы
Маңғыстау облысы
Кездесулер барысында академиялық адалдықтың принциптері мен стандарттары, олардың Заңның үстемдігімен, ашықтықпен және білім беру институттарына деген сеніммен тікелей байланысы, сондай-ақ университеттердің құқықтық, этикалық мәдениетті және болашақ мамандардың адалдығын қалыптастырудың негізгі субъектілері ретіндегі рөлі түсіндірілді.
Осы онлайн консультацияларды ұйымдастырғаны үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне шын жүректен алғыс айтамыз.
