Академиялық адалдық Лигасы

Student Onboarding on Academic Integrity — Академиялық адалдық туралы хабардарлықты арттыру

Біз сіздерге жоғары оқу орындарында студенттерді табысты әрі жауапты оқу қызметіне дайындауға бағытталған бұл бастаманы ұсынуға қуаныштымыз.

Жобаның мақсаты:

Біздің жобамыздың мақсаты – білім алушыларды академиялық адалдық қағидаттарымен таныстыру, оқытушылар мен студенттер арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптастыру, академиялық жазу мәдениеті мен этикасының, сондай-ақ плагиаттың алдын алу дағдыларын дамыту, студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу, студенттерді тиімді оқу және академиялық адалдықты қолдау үшін оқытуды басқару жүйесін (LMS) пайдалануға үйрету.

Біз не ұсынамыз:

  • Білім беру бағдарламалары: біз студенттерге академиялық адалдық мәселелерін түсінуге көмектесетін арнайы білім беру бағдарламалары мен курстарын әзірлейміз.
  • Материалдар мен ресурстар: біз студенттерге академиялық адалдықты жақсырақ түсінуге көмектесетін пайдалы материалдарға, мақалаларға және ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етеміз.
  • Қолдау және кеңес беру: Біздің сарапшыларымыз әрқашан студенттерге академиялық адалдыққа қатысты сұрақтарға жауап беруге және жағдайларды шешуге көмектесуге дайын болады.
  • Қауымдастық: біз академиялық адалдықтың ортақ құндылықтарын бөлісетін және білім берудің осы маңызды аспектісінде бір-бірін қолдайтын студенттер қауымдастығын құрғымыз келеді.

Бейне дәрістер мен материалдар Лига мүшелері үшін мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Жобаның міндеттері:

  • Студенттерді академиялық адалдық ұғымымен және оның оқу процесіндегі маңыздылығымен таныстыру;
  • Студенттерді академиялық жазу дағдыларына үйрету;
  • Академиялық адалдық мәселелерін және оның білім беру ортасына әсерін көрсету;
  • Студенттерге оқу процесіне тиімді қатысу және академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін LMS жүйесін пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен басшылықтар беру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Студенттердің академиялық адалдықтың маңызын және оның білім алу тәжірибесіндегі рөлін түсінуін жақсарту;
  • Академиялық жазу дағдыларын және академиялық адалдықты бұзушылықтардың алдын алуды дамыту;
  • Білім беру ортасында академиялық адалдықты бұзушылықтармен күресудің маңыздылығын түсіну және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды қалыптастыру;
  • Оқу процесіне қатысу және академиялық адалдықты қолдау үшін LMS жүйесін тиімді пайдалана білу.

Академиялық адалдық – табысты оқу мен болашақ кәсіби қызметтің негізі екеніне сенімдіміз. Біздің жобамызға қосылыңыз және бізге адалдық пен этикаға негізделген білім беру қауымдастығын құруға көмектесіңіз.

Сайттағы жаңартуларымызды қадағалаңыз, және бірге біз жауапты және табысты оқуға қадам жасаймыз!

Төменде Академиялық лигаға қатысушы университеттердің тәжірибесіне негізделген курстың негізгі тақырыптары мен әрқайсысына арналған тақырыпшалар ұсынылған:

ЖОО атауыКурстың негізгі тақырыптары мен тақырыпшаларыЖауапты адамдар
1. ALMAU1. Академиялық адалдық – негіз (ұғымы, қағидаттары және т.б.):
Академиялық адалдықтың ұғымы, қағидаттары және мәдениетіАкадемиялық адалдықсыздықтың түрлеріАкадемиялық адалдықты бұзушылықтардың салдарыОқу барысында академиялық адалдықты дамыту
Арын Әсел Арынқызы, академиялық жұмыс жөніндегі проректор
2.МУИТ2. Білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесу нормалары мен қағидаттары:Академиялық адалдық саласындағы білім беру процесіне қатысушылардың рөлі, құқықтары мен міндеттеріБілім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынас мәдениетіАкадемиялық бұзушылықтар бойынша даулы мәселелер мен қақтығыстарды реттеуАкадемиялық адалдық қағидаттарының анықталуы кезіндегі жауапкершілік (академиялық адалдықты бұзушылық жағдайлары) Аджибаева Ажархан Шоқанқызы, Оқу-әдістемелік жұмыс басқармасының бастығы, Тіркеуші кеңсесі
3.ҚБТУ3. Академиялық жазу мәдениеті мен этикасы:Академиялық этика бойынша практикалық нұсқаулық пен ұсыныстарАкадемиялық жазу және ақпарат көздерімен жұмыс істеудің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуҒылыми зерттеулерде академиялық адалдық қағидаттарын қолдануАкадемиялық мәтіндерді жазу кезіндегі қателіктердің алдын алудың және ақпарат көздерін дәйектеу ережелерінің қағидаттары мен нормалары Ерен Нұрғаным Еренқызы – оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі
4. Жәңгір Хан атындағы БҚАТУ4. Білім беру қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетАкадемиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің этикалық стандарттары мен алдын алу әдістеріСыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен этикалық мінез-құлықты дамытуБілім алушыларға сауалнама жүргізу Сералы Акбар Мухамеджанович, «Рухани Жаңғыру» орталығының директоры
5ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы5. Студенттерге арналған LMS жүйесінде жұмыс істеу қағидаттары
LMS жүйесіндегі курстарға тіркелу және қол жеткізуТиімді оқу және өзара әрекеттесу үшін LMS функцияларын пайдалануLMS жүйесін пайдалану кезінде академиялық адалдықты сақтауЖүйе арқылы кері байланыс алу және қолдау
Кәрібаев Шыңғыс Талғатұлы, Білім беру саясаты орталығының жетекші сарапшысы
Бұзушылық туралы хабарлау

Бұзушылық туралы хабарлау

Шағым сәтті жолданды