Академиялық адалдық Лигасы

Академиялық адалдық лигасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мектептер үшін Академиялық адалдық стандартын әзірлеуді талқылады

Жарияланған күні: 04.02.2026

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Муксимов Салауат Силибайұлымен жұмыс кездесуі өтті, оның барысында бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жаңа бастамалар талқыланды.

Орта білім беру ұйымдары үшін Академиялық адалдық стандартын әзірлеу бойынша алдағы бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылды. Бұл құжат мектеп деңгейінде адалдық, жауапкершілік және заңдылық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болады, сондай-ақ мектеп пен университет арасындағы академиялық адалдық қағидаттарының сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ашық ұстанымы, лига бастамаларын қолдауы және білім беру саласындағы жүйелі шешімдерді дамытуға дайындығы үшін алғыс айтамыз.

Бөлісу

Бұзушылық туралы хабарлау

Бұзушылық туралы хабарлау

Шағым сәтті жолданды