Бүгін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің топ-менеджменті Академиялық адалдық лигасын лигаға кіруге дайындық шеңберінде алдын ала консультация өткізуге шақырды.
Университетте стратегиялық деңгейде Академиялық адалдық жүйесін дамыту мақсаты белгіленді, сондай-ақ адалдық, ашықтық және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру қағидаттары бекітілді. Басшылық тарапынан академиялық адалдықтың институционалдық моделін құруға, лига стандарттарын енгізуге, ішкі саясат пен рәсімдерді дамытуға, сондай-ақ осы саладағы қызметкерлер мен оқытушылардың құзыреттерін арттыруға қызығушылық танытты.
Университет басшылығына Академиялық адалдық мәдениетін нығайту бойынша жүйелі жұмысқа дайындығы мен сенімі үшін алғыс айтамыз.
