2026 жылғы 20 ақпанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қолдауымен «Заң және тәртіп» идеологиясы мен төртжақты Ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылатын болашақ ұлттық «Таза бұлақ» жобасының таныстырылымы өтті.
Жоба педагогикалық білім беру жүйесі арқылы адалдық мәдениеті мен адамгершілік жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Бұл ретте мұғалім құндылықтардың тасымалдаушысы әрі орнықты азаматтық қоғамның негізі ретінде қарастырылады.
«Таза бұлақ» — бұл тек Akademiialyq Adaldyq Ligasy бастамасы ғана емес, мектепке деген сенімді нығайтуға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жаңа буынның тұрақты құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.
Барлық серіктестер мен әріптестерге кәсіби диалог, қолдау және ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдіремін.
Біз бірге болашақты қалыптастырамыз.
