Академиялық адалдық лигасы
Агенттік жоғары оқу орындарындағы жемқорлық жайлы деректерді университеттердің қызметкерлері мен студенттерінен сауалнама жүргізу барысында алды.
Дата публикации: 27.05.2019Қазақстанның ең жемқор тұрмыстық саласы – жоғары білім саласы. Бұл туралы 3 мамыр күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте «Адалдық алаңы» жобалау офисінің басшысы Жанар Тайжанова мәлімдеді,- деп хабарлайды Zakon.kz.
Агенттік жоғары оқу орындарындағы жемқорлық туралы деректерді университеттердің қызметкерлері мен студенттер арасында жүргізілген сауалнама арқылы алды. Нәтижесінде бірінші басшылар мен оқытушылар жұмыстан босатылды.
«Қазір біз жоғары оқу орындарының алдына КАЗГЮУ базасындағы Академиялық адалдық лигасына кіру міндетін қойып отырмыз. Нәтиже бергенде толығырақ айтатын боламыз. «Қазір лигаға 12 оқу орны кіреді», - деді ол.
Сонымен қатар, Тайжанова журналистерді қылмыс жасау фактілерін жариялап қана қоймай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске де атсалысуға шақырды.
Татьяна Ковалева, Нұр-Сұлтан
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе