Академиялық адалдық лигасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күні Академиялық адалдық лигасы білім беру саласының көшбасшыларын адал болашақ үшін біріктірді

Дата публикации: 30.05.2025

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні Астана қаласында білім беру саласындағы адалдық мәдениетін ілгерілетуге арналған Республикалық форум өтті. Академиялық адалдық лигасының Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен (БҰҰ ЕҚБ) тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырған бұл іс-шара еліміздегі этикалық стандарттарды дамытудағы маңызды кезең болды.

Форумға Қазақстанның білім және ғылыми қоғамдастығының 200-ге жуық беделді өкілдері жиналды. Құрметті қонақтар мен қатысушылар арасында БҰҰ ЕҚБ Орталық Азиядағы өңірлік өкілі – О. Штольпе, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі – Н. Жұмаділдаева, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі – Т. Ешенқұлов, Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы – Т. Нарикбаев, Агенттіктің, Қоғамдық кеңестің мүшелері, сондай-ақ 60-қа жуық жетекші оқу орындарының басшылары болды.

Форумды аша отырып, Агенттік Төрағасы А. Жұмағали сапалы білім беру мен табысты кәсіби қалыптасудың іргетасы ретінде академиялық адалдықтың негізгі рөлін атап өтті. Ол білім беру мекемелерінің күш-жігерін біріктіретін Академиялық адалдық лигасы жоғары және орта білім беруде адалдық пен ашықтық мәдениетін қалыптастыруда қуатты құрал бола алатынын атап өтті.

5 жыл бұрын құрылған біздің Лига бүгінде Maqsut Narikbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Семей медициналық университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті және т.б. сол сияқты беделді жоғары оқу орындарын қоса алғанда, Қазақстанның 18 жетекші университетін біріктіреді. Біздің қоғамдастықтың күннен күнге дамып келе жатқандығын мақтан тұтамыз, мысалы Арқалық педагогикалық институты, Батыс Қазақстан медициналық университеті, Есіл университеті форум қарсаңында біздің қатарымызда болуға ниет білдірді, бұл бізге деген сенімнің артуының және миссиямыздың таныла бастағанының айғағы.

Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Т. Нарикбаев өз сөзінде Лиганың білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне әсерін таратудың стратегиялық маңыздылығын және жастар арасында адалдық құндылықтарын қалыптастыруға жүйелі көзқарас қажеттігін атап өтті.

Лига өз қызметі шеңберінде жоғары оқу орындарының жоғары академиялық стандарттарға сәйкестігін бағалаудың негізгі қағидаттары мен өлшемдерін әзірледі, бұл объективті бағалау жүргізуге және адал білім беру ортасын дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.

Форумда Академиялық адалдық лигасы жұмысының маңызды нәтижелері ұсынылды, орта және жоғары білім берудегі адалдықты нығайтудың өзекті шаралары талқыланды, білім беру үдерісін цифрлық трансформациялау перспективалары қаралды және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының құнды тәжірибесі ұсынылды.

Өткен форум қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету, озық тәжірибе алмасу және Қазақстанның барлық білім беру саласында тәртіп пен адалдықты одан әрі нығайту

жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын сындарлы талқылау үшін маңызды тұғырнамаға айналды.

Академиялық адалдық лигасы күш-жігерімізді біріктіре отырып, жоғары этикалық стандарттар мен өзара сенімге негізделген болашақты құра алатынымызға сенімін білдіреді.

  • Бөлісу:

    Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    mode_editБұзушылық туралы хабарлау