Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасының ресми мәлімдемесі

Дата публикации: 24.10.2024

 

2024 жылғы 24 қыркүйекте Академиялық адалдық лигасы Кеңесінің онлайн-отырысы өтті. Отырыс барысында жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық стандарттарын арттыру шаралары және белгілі бір санкциялар талқыланды.

Академиялық адалдық лигасы Кеңесінің бұл отырысының мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күресте Лиганың шешімін нығайту, этиканың жоғары стандарттарына сүйенетін жоғары оқу орындарының қауымдастығы ретінде Лиганың беделін сақтау және осы жоғары оқу орындарында жұмыс істейтін және оқитын студенттер мен оқытушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болды.

Кеңес лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық бұзушылықтармен байланысты ЖОО-лардың процестік талқылаулар аяқталғанға дейін Лигаға мүшелігі тоқтатылатыны туралы шешім қабылдады.

  • Бөлісу:

    Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    mode_editБұзушылық туралы хабарлау