Академиялық адалдық лигасы
Дата публикации: 05.03.2026
2026 жылғы 4 наурызда SDU University базасында онлайн форматта Akademiialyq Adaldyq Ligasy жалпы жиналысы өтті.
Жиында төмендегі жоғары оқу орындарынан Лига құрамына қабылдау туралы 12 өтініш қаралды:
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ;
«М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» КЕАҚ;
«Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы» АҚ;
«Торайғыров университеті» КЕАҚ;
«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ;
«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» КЕАҚ;
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ;
«Инновациялық Еуразия университеті»;
«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ;
«Каспий қоғамдық университеті» ББМ;
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ;
«Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ.
Талқылау қорытындысы бойынша Лиганың қолданыстағы мүшелері белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс берді.
Отырыс Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қолдауымен, жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету бойынша күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын айқындайтын «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді.
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе