Академиялық адалдық лигасы
2023 жылғы 18 қазанда аталып өткен Халықаралық Академиялық күніне орай MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY (MNU) студенттері маңызды мәлімдеме жасады. Олар осы күнге орайластырып білім процесінде жасанды интеллекті (ЖИ) қолдануға арналған бейне-роликті дайындады және түсірді.
Дата публикации: 18.10.2023Бейне-роликтің бас идеясы білім алуда адамның жеке интеллектінің орнына жасанды интеллектіге толық жүгінумен байланысты ықтимал қауіпті көпшілік назарына көрнекті жеткізу болды. Студенттер ЖИ сияқты заманауи технологиялар мен жеке интеллектуалдық қабілеттерді дамыту арасындағы балансты сақтап қалудың маңыздылығына аса назар аударды.
Бұл бейне-хабарлама заманауи білім саласында технологияның ролі мен ықпалы туралы жаһандық диалогтың бір бөлігі болып табылады. MNU студенттері білім алу саласында жетістіктерге жету жолында заманауи құралдармен қатар адамның өзінің интеллектін дамыту және нығайту аса маңызды екендігін көрсетті.
Бұл маңызды жолдау білім алу саласында технологияларды қолданудағы қадамдарды ой елегінен жіті өткізіп, аса жауапкершілікпен қарауға шақырады. Халықаралық академиялық адалдық күні MNU студенттері білім беру саласында заманауи инновациялар мен өз интеллектіміздің арасындағы тепе-теңдіктің маңызды екендігін еске салады.
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе