Академиялық адалдық лигасы
«Еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасы үздік 16 жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін жариялады. 30 мыңға жуық адам оқу орындарының жұмысы туралы өз пікірлерін білдірді»
Дата публикации: 22.12.2022«Еліміздің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын біріктіретін Академиялық адалдық лигасы үздік 16 жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижелерін жариялады. 30 мыңға жуық адам оқу орындарының жұмысы туралы өз пікірлерін білдірді», - деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Қанағаттану деңгейінің орташа көрсеткіші шамамен 80%-ды құрады. Сонымен қатар, мамандар плагиатқа студенттер мен оқытушылардың жазбаша жұмыстарын тексерді, Лигада білім сапасын осылай бақылайды. Оларға мамандандырылған министрлік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Кәсіпкерлер палатасы көмектеседі.
Дидар Смағұлов, «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің басшысы: «Қалай болғанда да бұл мониторинг, аудит емес. Бұл біздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімізге бейімділігі бар бірлескен жұмыс. Сонымен қатар, дәл осы Лига әзірлеген керемет құрал – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы бар. Бұл 14 бағыт бойынша күрделі сәттерді, қандай олқылықтар мен әлсіз жерлер бар екенін анықтауға мүмкіндік береді».
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе