Академиялық адалдық лигасы
Дата публикации: 04.02.2026
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Муксимов Салауат Силибайұлымен жұмыс кездесуі өтті, оның барысында бұрын қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жаңа бастамалар талқыланды.
Орта білім беру ұйымдары үшін Академиялық адалдық стандартын әзірлеу бойынша алдағы бірлескен жұмысқа ерекше назар аударылды. Бұл құжат мектеп деңгейінде адалдық, жауапкершілік және заңдылық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам болады, сондай-ақ мектеп пен университет арасындағы академиялық адалдық қағидаттарының сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне ашық ұстанымы, лига бастамаларын қолдауы және білім беру саласындағы жүйелі шешімдерді дамытуға дайындығы үшін алғыс айтамыз.
Бөлісу:
Заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе