Академиялық адалдық лигасы

Күләш Шамшидинова: «Академиялық адалдық әрқайсымыздың қажеттілігімізге айналуы керек!»

Академиялық адалдық аясында жыл сайын өткізілетін IV конференция M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нде өтуде. Конференцияның ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қатысты.

Дата публикации: 27.05.2019

Академиялық адалдықты ілгерілету және іске асыру үшін үздік халықаралық шешімдерді талқылауды M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нің Экономика жоғары мектебі және Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырылады. Биыл конференцияға Қазақстан, Германия, Австралия, Ұлыбритания университеттерінің өкілдері қатысуда.

Форумның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Күләш Шәмшидинова 2018 жылы КАЗГЮУ бастамасымен құрылған Академиялық адалдық Лигасына өз қолдауын білдірді.

Министр: «Дамытуды көздеп отырған академиялық адалдық кез келген адамның бойындағы қажеттілікке айналып, әдет ретінде қалыптастырылуы керек. Біз қоршаған ортада осындай түсінікті қалыптастыруымыз қажет. Мен Білім министрлігінің бұл жұмысқа жанама емес тікелей атсалысу керектігін айтуға келдім!», -дей келе, конференция қатысушыларына табыс тіледі.

КАЗГЮУ Ректоры Талғат Нәрікбаев білім министріне алғысын білдірді:

«Біз бұл конференцияны төрт жылдан бері өткізіп келеміз және министр жиынымызға алғаш рет қатысып отыр. Бұл білім берудегі адалдықтың маңызды екендігін білдіреді. Сіздің бүгінгі шараға қатысуыңыз және қолдау көрсетуіңіз бізге басқа да университеттердің Лигаға кіруге және біз қойған талаптарға сай болуға талпынатынына сенім сыйлайды», -деді ол.

Ректордың айтуынша, Академиялық адалдық лигасы 12 жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан тұрады. Тағы 14 ұйым үміткерлер болып табылады, бір университет бақылаушы мәртебесін алды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Лигаға қосылуы маңызды екендігін атап өткен жөн.

Қазірдің өзінде 15 ЖОО Лиганың талаптары негізінде өздерінің академиялық адалдық кодекстеріне өзгерістер енгізді. Мұндай талаптарға Turnitin сияқты танымал халықаралық жүйелерді пайдалану арқылы білім алушылардың барлық жазбаша бағаланатын жұмыстарын плагиатқа міндетті тексеруді қамтамасыз ету жатады.

Сонымен қатар, Лига белгілі бір өкілеттіктерді ректорлардан академиялық кеңестерге, ал декандардан академиялық мәселелер бойынша тиісті комитеттерге беру және жеке шешім қабылдаудан алқаға ауысу арқылы көлденең басқаруға біртіндеп көшуді ұсынды.

Лига өз мүшелерінен академиялық адалдықты бұзудың нысандары мен түрлері туралы, осындай бұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары туралы нақты ережелерді енгізуді, академиялық адалдықты бұзу мәселелері бойынша тыңдаулар өткізуді талап етеді.

«Сонымен қатар, Лига мүшелері ауызша және тестілеу емтихандарынан жазбаша емтихандарға көшеді. Лига аясында біз емтихандардың 90%-ы жазбаша түрде өткізілетінін қабылдадық. Жазбаша емтихан өткізген кезде жұмысты шифрлау арқылы «соқыр бағалау» жүргізу қажет. Нақты механизмдер енгізілгенде студенттерге қандай да бір себептермен бағалаушыдан бағаны көтеруді сұрауға мүмкіндік болмайды», - деді Талғат Нәрікбаев.

Спикердің айтуынша, биылғы оқу жылында Қазақстан-Британ техникалық Университетінде жазбаша емтихандардың пайызы 30%-ға артып, 97%-ды құрады. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті ауызша және шығармашылық емтихандардан толығымен бас тартып, жазбаша емтихандарға көшуде.

«Жазбаша емтихандардың пайдасы студенттің тікелей жасаған жұмысы болып табылуында. Бұл жұмыста жауап емес, белгілі бір міндеттерді шешу қабілеті бағаланады және бұл міндеттер біздің өмірімізбен, қазақстандық шындықпен тікелей байланысының болуында»,-деп атап өтті Талғат Нәрікбаев.

  • Бөлісу:

    Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    mode_editБұзушылық туралы хабарлау