Академиялық адалдық лигасы

Академиялық адалдық лигасы бір жылдық жұмысын қорытындылады. 2019 жылдың 14 қыркүйегінде Академиялық адалдық лигасының төрағасы

M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасының басшылығымен Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті.

Дата публикации: 17.09.2019

2019 жылдың 14 қыркүйегінде Академиялық адалдық лигасының төрағасы –

M.S. Narıkbaev atyndağy KAZGUU Unıversıteti-нің Басқарма Төрағасының басшылығымен Академиялық адалдық лигасының Жалпы жиналысы өтті. Жалпы жиналыс мүшелері     Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университетінде бас қосты.

Жалпы жиналысқа осы ұйымға кіретін 12 жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйым өкілдері, сондай-ақ Лиганың қауымдастырылған мүшесі болып табылатын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қатысты. Жалпы жиналыста агенттік атынан Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев қатысты.

Жалпы жиналыстың негізгі мәселесі Академиялық адалдық лигасы мүшелерінің академиялық адалдықтың 10 негізгі қағидатын, «медиана» бағаларын (Bell Curve) енгізу арқылы оқыту нәтижелерін объективті бағалау жүйесін енгізу, сондай-ақ «соқыр» тексеру принципін пайдалана отырып, жазбаша емтихандардың пайызын арттыру бөлігінде мүшелік шарттарын орындауы болды.

Нәтижесінде М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті Академиялық адалдық лигасының құрамынан шығарылды, ал Лиганың басқа мүшелеріне оларға қойылған міндеттемелерді орындау талаптары қойылды.

Сонымен қатар, Жалпы жиналыста плагиатқа қарсы «StrikePlagiarism.com» және «Антиплагиат» жүйелерінің мүмкіндіктері туралы таныстырылым өткізілді.

Жалпы жиналыста Лиганың қызметі туралы есеп және 2018 және 2019 жылдың        8 айындағы қаржылық есеп бекітілді.

Анықтама: Академиялық адалдық лигасының негізгі миссиясы – Академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілету жолымен білім беру сапасын арттыру болып табылатын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерікті бірлестігі.

  • Бөлісу:

    Байланыстар

    Заңды мекен-жайы:

    Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қорғалжын тас жолы, 8, 612 кеңсе

    phone_in_talk +7 7172 702851

    © 2019 All Rights Reserved

    mode_editБұзушылық туралы хабарлау