AAA==">2023 жылдың 31 тамызында академиялық жыл басталар алдында Академиялық адалдық лигасы және Maqsut Narikbayev University академиялық қызметте жасанды интеллектің әсері мен қолданылуы туралы тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

 Іс-шара онлайн-форматта ұйымдастырылып, онда Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, AlmaU, KBTU, MNU, UIB, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Satbayev University, SDU, Zhubanov University, Абылай хан атындағы ҚХҚжӘТУ, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті) жетекші мамандары мен ғалымдары білім берудегі ЖИ рөлі мен оның этикалық аспектілерін талқылау үшін бас қосты (дөңгелек үстелге 80-ге жуық қатысушы қатысты).

Осы мәселені жан-жақты қарастыру үшін MNU үш Мектебінен спикерлер шақырылды. Бұл тәсіл проблемалық аймақтар мен ерекшеліктерді әртүрлі мамандықтар мен дайындық бағыттары тұрғысынан жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді. Олардың пікірлері мен сараптамалық білімдері бізге осы мәселенің күрделі аспектілері туралы құнды инсайт пен үлкен тәжірибе берді, бұл өз кезегінде мәселені тиімді шешуге ықпал ететіні сөзсіз.

Шара барысында келесі тақырыптар қарастырылды:

«Elaborating AI policy from the Global South perspective» – Ikboljon Qoraboyev, Халықаралық экономика мектебінің Associate Professor-ы;

«Сыни ойлау дағдыларын дамытудағы жасанды интеллектің (ЖИ) тәуекелдері мен пайдасы» – Любовь Сартакова – Халықаралық экономика мектебінің Senior Lecturer-ы;

«Академиялық саладағы Сhat GPT: қас немесе дос» – Abay Abylaiuly, PhD, Құқық Жоғары мектебінің Assistant professor-ы;

«The Use of Artificial Intelligence in Teaching English Language» – Бабаева Юлия, Жоғары Гуманитарлық Мектебінің Senior Lecturer-ы.

Аталған дөңгелек үстел қатысушыларға білім беруде ЖИ қолдану перспективаларын талқылауға, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты этика мәселелерін қарауға тамаша мүмкіндік берді.

Біз барша спикерлер мен қатысушыларға қызықты баяндамалар жасап, талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және осы Дөңгелек үстелдің нәтижесінде Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесі «Студенттердің академиялық қызметте жасанды интеллекті пайдалану саясаты» атты жиынтық құжат әзірлеуді жоспарлап отыр.

Maqsut Narikbayev University Academic Integrity мен білім берудегі инновацияларды белсенді қолдауды жалғастыруда! Akademiialyq Adaldyq Ligasy жыл бойы осы маңызды және өзекті тақырып төңірегінде бірнеше дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр!