2022 жылдың 23 ақпанында Қазақстанның 10 үздік университетінің Академиялық адалдық лигасы құрастырған рейтингі жарияланды.

Үздік үштікке М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, ҚБТУ және ҚМЭБИ кірді.

Құрастыру кезінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру ұйымдарындағы жұмыспен қамтылу деңгейі, қызметкерлердің орташа жалақысы және білім беру бағдарламаларының сапасы туралы мәліметтері пайдаланылды, деп хабарлады лига.